Page 284 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

284
Қатал Сүйенішті өзін-өзі аямайтын табанды адам деп айтуға болады. Ян Чжу айтады:
Кім пайда табуды ойласа, сол жемісін жейді; кім қанағатсыз болса, соны қырсық
шалады. Ішкі дүниең мен сыртқы пікір, ол — тек сезім тана. Міне, сондықтан да
ақылды өзін-өзі танытуға байыптылықпен қарайды.
Ян Чжудың көршісінің қойы жоталады. Қойын табу үшін көршісі қауымды аяғынан тік
тұрғызады, Ян Чжудан оның өз құл балаларын да беруді сұрайды.
Әй! Бір қойды іздеу үшін мұнша көп адамның керегі қанша? —деп сұрайды Ян
Чжу.
Жолдың айрығы көп, — деп көршісі жауап береді.
Қойды таптыңдар ма? —деп сұрайды қайтып оралғандардан Ян Чжу.
Жоқ! Жоғалды!
Неге жоғалды?
Әр жол айрығынан кейін, тағы да көптеген жол айырықтары бар.
Сол жолдың қайсысымен қойдың кеткенін білмедік, сондықтан да таба алмай
қайттық.
Қапаланғаннан Ян Чжудың түсі өзгеріп, көпке дейін үндемей қалады. Күні бойы бірде бір
рет езу тартпады. Таң қалған шәкірттері оған сұрақ қоюға рұқсат сұрайды:
Сіз неге сөйлемей не езу тартпай қойдыңыз? Қой — арзан мал және де ол ұстаздың
меншігі емес еді ғой.
Ян Чжу жауап бермеді, ал олар ешнәрсе түсінбеді. Шәкірт Мэн сунь Ян шықты да барлық
жағдайды Астана Төрешісіне баяндайды. Төреші келесі күні Мэнсунь Янмен бірге
ұстаздың алдына келіп, одан сұрайды:
Үш ағайындының қайсынікі дұрыс, қайсынікі бұрыс, осыны шешіп беріңіз. Бір
кездері олар Ци мен Лy патшалығын кезіп жүріп, бір тәлімгерден білім алады.
Қайырымдылық пен парыз ілімін игеріп, елге қайтады.
Қайырымдылық пен парыз туралы қайдағы ілім? — деп, сұрайды олардың әкесі.
Қайырымдылық пен парыз маған өзімді және сонан соң өзімнің даңқымды сақтауға
бұйрық етеді,— деп жауап береді үлкені.
Қайырымдылық пен парыз маған даңққа ұмтылуға, керек болса, оның жолында
өзімді өзім өлтіруге бұйырады,— деп жауап береді ортаншысы.
Қайырымдылық пен парыз маған өмірді де, даңқты да сақтауға бұйырады,— деп,
жауап береді кішісі.
Үшеуі де бір мектепте оқиды, бірақ түсініктері әртүрлі.
Ал сіз қалай ойлайсыз, келесі оқиғада ақиқат қайсысында,— деп сұрайды Ян Чжу.
Өзен жағасында тұратын тасымалшы суға үйренген, батыл жүзеді және қайықты
жақсы игереді. Өткелде табыс тауып, жүздеген адамды бағып асырайды. Сонымен
өзімен бірге азық-түлігін алып, оған үйренуге келеді, бірақ шәкірттердің
жартысына жуығы суға батып кете жаздайды. Шынын айтқанда, суға батуға емес,
жүзуге үйренді. Бір адамға әкелген қыруар пайда көпке қаншама, міне, зиян
келтіреді!