283
Оны өлтіреді, отан жақын торт немесе бес адамның да түбіне жетеді. Юй ляндық бай адам
еді. Оның үйі толған қонақ және молшылық еді: пулы мен жібегі өлшеусіз, дүние мүлкі
мен тауарына сан жетпейді. Жол жағасындағы биік мұнараға шығып, той тойлап, күй
шертіп, ойын-сауық жасайтын.
Мұнара астында ер жүрек жігіттер серуендеп жүреді. Мұнарадан күлген дауыс естілді, бір
ойыншы қызыл нефритке дәл тигізіп, екі балық ұтып алады. Сол кезде ұшып бара жатқан
лашын түсіріп алған өлі атжалман ер жүрек жігіттерге түсіп, олар бір-біріне айта
бастайды:
— Юй көптен бері байлыққа масаттанып, өзгені жек көретін болды. Біз оған тиіспедік,
ал ол болса бізге өлген атжалманды лақтырып, намысымызға тиді. Егер кегімізді
алмасақ, онда біздің ер жүректілігіміз қайда қалады? Өзіміз сияқты ар-намысы
аяққа тапталғандарды көмекке шақырып, адамдар арасындағы қатынасты теңестіру
үшін, оларды бастап барып, оның отбасын сөзсіз жоямыз.
Бәрі келіседі. Белгіленген күні түнде қару-жарақ тауып, бүкіл қауым көтерілін, Юйге
тарпа бас салады да, оны отбасы мен бірге жойып жібереді. Шығыста Құнттылар Туы
астындағы Ақсақал деп аталатын адам өмір сүрді. Ол аштықтан жол бойында өлгелі
жатады. Оны Түлкілер Атасынан шыққан Цю атты қарақшы байқап қалады да, ботқа
беріп, шарап ішкізеді. Құнттылардан шыққан Ақсақал үш рет жұтқан соң, көзін ашады.
—
Сен кімсің? —деп сұрайды ол.
—
Мен Түлкілер Атасынан шыққан Цюмін.
—
Әй! Сен қарақшы емессің бе? Мені неге тамақтандырасың? Менің парызым —
сенің қолыңнан тамақ ішпеу. — Құнттылардан шыққан Ақсақал қолымен жер
тіреп, тамақты құсқысы келіп еді, онысынан ешнәрсе шықпады. Жөтеліп құлап
түсті де, өліп қалды.
Түлкілер Атасынан шыққан адам қарақшы болған, бірақ тоналған тағаммен ешкімді
тамақтандырмайтын. Ұрланған тамақты ішсем, өзім де ұры боламын деген оймен, оны
ішуге қорқатын адам, оның атын да затын да түсінбейді.
Қатал Сүйеніш Цзюй патшасы Тәкаппар да қызмет етті. Патша оны бағалай алмады деп
есептеп, кетіп қалады да көлдің жағасына барып орналасады, жазда су каштан талымен
жөне лотос дәнімен қоректенеді, қыста емен жаңғағымен қоректенеді. Тәкаппар патшаның
басына қайты түскен кезде, Қатал Сүйеніш ол үшін өлмекші болады да, жолдастарымен
қоштаса бастайды.
—
Патша сені бағаламады, сондықтан да кетіп қалғаныңды айтқан сен өзің емес пе
едің. Енді ол үшін өлмекші болып, кетіп барасың. Демек, сені бағалай ма немесе
бағаламай ма, бәрі бір?
—
Жоқ, —деп жауап береді Қатал Сүйеніш. — Мені бағаламады деп, мен өзім
есептедім, сондықтан да кетіп қалдым. Енді өлемін және ол мені шынымен
бағаламағанның дәлелі болады. Мен сол үшін өлемін, ал оны өздерінің
қызметшілерін бағалай білмейтін келешек тақсырларды масқаралау үшін істеймін.
Мен сөйтіп тура жол ашамын: әркім өзін бағалаған адам үшін жанын береді және
өзін бағаламаған адам үшін өле де алмайды.