282
патшалығында тәртіп болады дегенді ешқашан естіген жоқпын. Сондықтан оның
тамыры оның өзінде, ал оның шыңы туралыға мен жауап бере алмаймын.
—
Керемет! —деп таң қалды Чу патшасы.
Түлкі жотасының ақсақалы Суньшу Тәкаппарға сұрақ қояды:
—
Адамдардың үш қайтысы туралы білесің бе?
—
Қандай? —деп сұрайды Суньшу Тәкаппар.
—
Дәрежесі жоғары адамға пендешілік көре алмаушылық, жоғары қызметтегі адамға
деген тақсырдың жек көрушілігі, жоғары жалақы алатын адамға деген жек
көрушілік туралы ма?
—
Бұл үшеуінен қашып құтыла аламын ба? —деп сұрайды Суньшу Тәкаппар. —
Дәрежем жоғарылаған сайын, менің қалауым соғұрлым қарапайым; қызметім
маңызды болған сайын, соғұрлым ойым қарапайым; жалақым көбейген сайын,
соғұрлым қолым да ашық бола береді.
Суньшу Тәкаппар науқастанып, өлер алдында ұлына былай деп табыстайды:
—
Патша маған иелікке жерді сыйға тартты, мен болсам оны қабылдамадым. Мен
өлгенде патша саған сыйға тартады Пайдалы жерді еш алушы болма. Чу мен Юэ
арасында Өлгендер Моласы бар. Жері құнарсыз және ол туралы жағымсы қауесет
бар. Чулықтар оның аруақтарынан, ал Юэлықтар нышанынан қауіптенеді. Тек
соны ғана ал. Оған ұзақ уақыт иелік етуге болады.
Суньшу Тәкаппар өлгеннен кейін, патша оның ұлына пайдалы жерді ұсынады, бірақ ұлы
одан бас тартып алмайды да, Өлгендер Моласын сұрайды. Өлгендер Моласын ұлын
береді, ал Суньшу Тәкаппардың ұрпағы оны осы уақытқа дейін жоғалтқан жоқ.
Кемтар Бұқа, маңғаз Кун Фу-цзышіл Жоғарғы жерден, Ханьданьға түсіп келе жатып,
Құмда қарақшыларды кездестіреді. Олар оның барлық нәрсесін тонайды: киімін, қоржыны
мен арбасын, өгізін, ал ол жаяу кетеді. Қарақшылар оған қараса, ол көңілді, жоғалтқанына
ешқандай да реніш білдірмейді. Қарақшылар оны қуып жетіп, оның неге көңілді екенін
сұрайды?
—
Қайырымды ер тіршілік құралын жоғалтқаны үшін оз денсаулығына нұқсан келтіре
алмайды,— деп жауап береді Кемтар Бұқа.
—
О, не деген ақылды едің! Оны өлтіргенің жақсы! — деп, қарақшылар дауыстап
жібереді де ақылдаса бастайды.
Егер ондай ақылды болса, Чжоау патшасымен кездеседі, Пи туралы айтады, онда бізге
жамандық болады! — Бәрі шауып жетіп, оны өлтіреді. Бұл туралы естіген яндық бір кісі,
өз руын жиып, бәрін құлақтандырады: Қарақшыларды кездестірсеңіздер Жоғарғы жерден
келген Кемтар Бұқа сияқты жасамаңыздар. Оның өсиетімен бәрі келіседі.
Көп кешікпей оның кіші інісі Циньге сапар шегеді, шекара бекетіне жақындай бере,
шындығында, қарақшыларға кездеседі. Үлкен ағасының өсиетін есіне ала отырып,
шайқаса бастайды, бірақ жеңе алмайды, онымен қоймай, бейшара болып заттарын
қайтаруды өтініп, олардың артынан жүгіреді.
—
Біз мейірімділік көрсетіп сені өлтірмедік, ал сен тынбай біздің соңымыздан қуасың,
біздің ізімізге қуғын саласың,— деп қарақшылар ашуланады. — Біз қарақшы
болатын болсақ, онда қайдағы мейірімділік!