281
—
Жақында тана бір сиқыршы ебін тауып алдыма келді.Өнері оның түкке тұрмайтын
еді, бірақ ол көңілімнің көтеріңкі болған кезінде келген еді, сондықтан мен оны
алтын мен жібектен сыйлық беріп марапаттадым. Ал бүл да, әрине, естіген де
сыйлық алу үмітпен солай маған келген.
Сиқыршыны ұстап алады және оны өлтірмекші болады, бірақ бір айдан кейін босатып
жібереді. Циндік Мугун Өнеріне Қуанушыдан сұрайды:
—
Руында жылқыны іздеуге жіберетін сенен басқа біреу бар ма? Сен жасың
бірталайға келіп қалды емес пе?
—
Мені мен сіздің қызметшілердің ұлдарының қабілеттері үлкен емес. Олар жақсы ат
таба алады, бірақ керемет атты таба алмайды. Жақсы атты оның сымбатына, сүйегі
мен бұлшық етіне қарап танитын емес пе еді. Ал, керемет сәйгүлікте болса мұның
бәрі я жасырын, я мүлде атауымен жоғалды, я болмаса ұмытылып етті. Ондай ат
шаң көтермей, із де қалдырмай шабады.
Атты сіздің қызметшілеріңізден кем танымайтын адамды қабылдауыңызды сұраймын.
Онымен бірге шырмалған, мен, сіздің қызметшіңіз, иін ағашпен шырпы мен көкөніс
тасыған. Бұл — Ғаламдағы ең Биіктегіш.
Мугун Ғаламдағы ең Биіктегішті қабылдайды да, оны ат іздеуге жібереді. Үш айдан кейін
ол қайтып келеді де, баяндайды:
—
Таптым. Құмды төбелер арасынан.
—
Қандай ат? —деді Мугун.
—
Бие, құлагер.
Биенің артынан жіберіп еді, ал бүл құзғын айғыр болып шықты. Мугун ренжіп, Өнеріне
Суанушыны шақырып алады да, былай дейді:
—
Сәтсіздік деп осыны айт! Сенің жіберген адамың биені айғырдан ажырата
алмайтын болып шықты. Бүл қандай атбегі!
—
Жеткен жерін қара өзінің? Менен де, өзгеден де (олардың саны жоқ) мың есе асып
түскені осы екен-ау! —дейді Өнеріне Куанушы терең күрсініп алып. — Биіктегінің
көріп тұрғаны — табиғаттың ең ұсақ дәндері. Ол болмысты игеріп, бетіндегісін
көзіне де ілмейді, жан-тәні ішкі дүниеде, сыртқыны естен шығарған. Өзі көруі
қажет нәрсені ғана көреді, көруі қажет еместі байқамайды; тиістісін ғана
бақылайды; бақылауға тиісті емесін қалдырып қояды. Білгіштің тапқан аты, шын
мәнісінде бағалы сәйгүлік болады. Айғырды алып келеді, шындығында да бүкіл
аспан астында теңдесі жоқ ат екен!
Ең қадірлі Чу патшасы Чжань Хэден былай деп сұрайды:
—
Патшалықты қалай басқаруға болады?
—
Құлыңыз өзін басқаруды біледі, ал патшалықты басқару дәрежесіне жеткен жоқ, —
деп жауап береді Чжань Хэ.
—
Мен ата-бабалар храмында, Жер мен Тары мехрабында құрбандық шалу құқығына
ие болдым. Соны қалай сақтап қалуды үйренгім келеді.
—
Мен, сіздің құлыңыз, ешқашан өзін өзі басқара алатынның патшалығында
алауыздық болды дегенді естіген жоқпын; сондай-ақ өзін өзі басқара алмайтынның