280
жеңді, бірақ оны қалай ұстап қаларын білмей, ақыр аяғында бәрін күйреуге әкелді.
Тек ілімді игере білген патша ғана жеңісті ұстап қалады.
Кун фу-цзының күші патшалықтың (астананың) қамал қақпасын ашуға ғана жетер еді,
бірақ оның күшпен даңқты болғысы келген жоқ. Қорғанысқа дайындалып, Мо-цзы Гуншу
Банды жеңді, бірақ Мо-цзы өзінің әскери күшімен даңқты болғысы келмеді. Сондықтан
да, кімде-кім жеңісін ұстап қалса, сол өз күшін әлсіздік деп санайды.
Бір Сун патшалығының отбасында үш ұрпақ бойы мейірімділік пен әділдік істі ұстанып
келген. Күтпеген жердей себепсізден себепсіз олардың үйіндегі қара сиыры ақ бұзау
туады. Осы жайлы Кун Фу-цзыдан сұрайды:
—
Бұл жақсылықтың белгісі,— деп Кун Фу-цзы жауап береді де, бұзауды әкеліп ұлық
ата-бабалар үшін құрбандыққа шалуды бұйырады.
—
Бір жыл өте сала осы үйдің әкесінің себепсізден себепсіз көзі көрмей қалады. Ал
әлгі сиыр тағы да ақ бұзау туады.
Әкесі баласына тағы да осы туралы Кун фу-цзыдан сұрауды бұйырады.
—
Қайталап сұраудың қажеті қанша? — дейді баласы. — Өткен жолы сұрадың, ал сен
көзіңнен айрылдың.
—
Ондай болады, дананың алғашқы айтқаны болмай қалып, кейін орындалып
жатады,— дейді әкесі. — Әзірше әлі іс біткен жоқ, тағы да одан сұра.
—
Бұл — жақсылықтың белгісі,— дейді де, Кун Фу-цзы тағы да бұзауды құрбандыққа
шалуды бұйырады.
Берген кеңесін айтып, ұлы қайтып келеді, сонда әкесі оған былай дейді:
—
Кун Фу-цзының бұйрығын орында!
Тағы да бір жыл өтеді. Ұлының да сондай себепсізден себепсіз көзі көрмей қалады. Содан
кейін чулықтар сундықтарға шабуыл жасап, олардың қаласын қоршауға алады.
Тұрғындарға бір-бірімен ұлдарын айырбас жасап, оларды жеп, кепкен сүйектерін жарып,
пешке жағуға тура келеді. Барлық жастары мен қайраты барлары қамал қабырғасында
шайқасады, олардың жартысынан көбі мерт болады. Ал әлгі — әкесі мен ұлы — өздерінің
науқастарына байланысты бұның бәріне қатыспайды. Қоршауды тоқтатқан кезде олардың
аурулары да жазылып кетеді.
Сун патшалығында кезбе сиқыршы өмір сүреді, өз өнерімен Сун патшасы Юаньды таң
қалдыруды армандайтын. Юань патша оны өзіне шақырып, өз өнерін көрсетуге рұқсат
етеді.
Аяғына өз денесінен екі есе ұзын ағаш байлап алып, сиқыршы жылдам жүреді де, жүгіре
жөнеледі, жеті семсермен жонглерлік жасап, семсерді кезекпен айналдырады, екеуін
қолында, бесеуін әр кезде ауада ұстайды.
Таң қалған Юань патша сиқыршыға алтын мен жібектен сыйлық тарту етеді.
Мұны естіген, сондай елді ішегін қатырып күлдіре алатын, басқа бір кезбе сиқыршы –
акробат Юань патшаға оның да кіргісі келеді. Юань патша ашу шақырып, былай дейді: