279
—
Ойлан! Кешіп өту қиын бол май ма екен? Өзен атысы отыз жэнь биіктіктен қулап
түсіп жатыр ғой, ал иірім тоқсан лиден бұрқылдап жатыр. Бұл жерде балық та, қол
тасбақасы да жүзіп өте алмайды, өзен тасбақасы да, кайман да тіршілік ете
алмайды. Бірақ ол адам оны тыңдамады, өзенді кешіп жағалауға өтті.
—
Өте жақсы, — дейді оған Кун фу-цзы әрі одан сұрайды: — Сарқырамаға енудің,
шығудың жасырын құпиясын білесің бе?
—
Оған енердің алдында оны түсінуге берілемін және өзенге сеніммен қараймын, —
деп, жауап береді жүзуші. — Ал судан шығар кезде, оның ағысымен жүзіп, тағы да
оған шын беріліп сенемін. Шын беріліп оны түсініп бар денемді тасқынға сендіріп,
басқа ешнәрсе де ойламаймын. Міне, сондықтан мен сарқырамаға аман-есен кіріп
шыға аламын.
—
Естеріңде болсын, сендер менің шәкірттерімсіңдер! — деді Кун Фу-цзы. — Егерде
шын беріліп, таза ниетпен сенсеңдер, онда тіпті сумен де тіл табысуға болады, ал
адаммен тіптен тіл табысуға болады.
—
Ел жұртпен жұмбақтап сөйлесуге бола ма? — деп сұрайды Бэйгун Кун-Фу-цзыдан,
бірақ ол үн қатпайды.
—
Егер жұмбақты өзенге лақтырған таспен ұқсататын болсақ. онда не болады,— деп,
сұрайды Бэйгун.
—
У патшалығында тамаша сүңгірлер бар, оны ұстап ала алады,— деп жауап береді
Кун Фу-цзы.
—
Ал егер жұмбақты суға құйған суға ұқсататын болса ше?
—
Цзы мен Шэн өзен суларын бір-біріне араластырады, бірақ аспазшы И Я татып
көріп, оны ажыратады.
—
Демек, жұмбақтап сөйлеуге болмай ма?
—
Неге болмайды? Бірақ сол айтушының өзі айтқан сөзінің мағынасын түсіне ме
екен? Сөздің мағынасын түсінуші оны созбен айтпайды той. Балықшының киімі су
болады, аңшының аяғы шаршайды, бірақ ол рахат табу үшін емес. Неге десең
нағыз соз — сөзсіз соз, нағыз іс — істемеу. Әр нәрсенің басын шалып, жалпы сөз
таластырады, бірақ оның мағынасы болмайды емес пе.
Сөйтіп, еш нәрсеге де жете алмай, Бэйгун моншада өлді. Чжао Сянцзы Синьчжи Муцзыны
Фазан тайпасына қарсы жорыққа жібереді. Оларды жеңіп және Цзожэнь мен Чжунжэнь
қалаларынан тұтқындарды алып, желаяқты баяндамамен Синьчжи Му-цзыға жібереді.
Аc үстінде отырған Сянцзы көңілсізденгендей болды, ал оның оңы мен солында отырған
нөкерлері одан сұрай бастайды:
—
Неге тақсырдың көңілі түсіп кетті? Бір таңда екі қамал алынды, бүл қуаныш емес
пе еді!
— —Өзендегі су — үш күнге ғана тасыр. "Қатты жел, шелектеп құйған жауын таңнан
түске дейін жаумас". Күн сәскеде бір сәтке тана. Чжо әулетінде мұндай айбынды
әрекет бұған дейін болған емес. Бір таңда екі қамал алу! Бізге апат қаупі төніп
тұрған жоқ па екен осы?
Бұл туралы Кун Фу-цзы естіп, былай дейді:
—
Чжао әулеті міне, қалай рахаттанады! Сондықтан да қайғыдан да өркендеп жатады
емес пе. Қуаныштан да өліп жатады той. Мұндағы қиындық жеңуде емес, сол
жеңісті ұстап қалуда. Ақылды патша жеңісті ұстап қалады және сондықтан оның
бақыты келесі ұрпаққа ауысады. Ци және Чу, У және Юэ патшалықтары жеңуін