Page 27 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

27
7. Кімде-кім жер бетіндегінің бәрін білетін, бәрін көретін қасиетті иемденсе, ол
Брахмандай құдіреттің қарамағында болады; оның аспандағы тіреніші — атман.
8. Ол пран мен денені басқаратын ойдан тұрады, тамақтан тірек табады, жүректі
меңгереді. Даналар білім арқылы мейірбанды, өлмейтін, өшпейтін (Брахманды) жақсы
көре алады.
9. Кімде-кім биік пен ұсақты көрсе, онда (оның) жүрегіндегі түйіңдер үзіледі, (оның)
күдіктерінің бөрі де сейіледі, іс-әрекеті жүзеге асады.
10.Былғанбаған, бөлшегі жоқ Брахман байлығы таусылмас, қазынасы артық қоймада
мекендейді. Ол жарықтың жарығындай кіршіксіз таза. Атманды білгірлердің түсінігі
осындай.
11. Онда күн де, ай да, жұлдыздар да нұрын шашпайды, найзағайлар да жарқылдамайды.
Сонда бұл от қайдан пайда болмақ? Бәрі де оның шұғыласынан кейін жарқырайды. Бұл
дүние оның шұғыласынан жарқырайды.
12. Расында, Брахман — өшпес, өлмес нәрсе. Брахман — алдымыз да, Брахман —
артымыз да, онымыз бен сол жағымыз да. Ол төмен де, жоғары да созылған. Осының бәрі
де — Брахман. Ол — алып.
Мундака-упанишада III, 1.
(Атманды тану жолдары)
1. Өмірінде ажырамас екі құс бір ағашқа қонады. Оның біреуі дәмді жемісті шұқылай
бастайды, екіншісі ештеңе жемей қарап тұрады.
2. Осы ағашта адасып отырған пуруша (ойына) батып, өзінің дәрменсіздігіне қаймығады.
Ол басқаны, өзі құрметтейтін әміршіні, көргенде, оның құдіреті, қайғысы бойынан
таралған дейді.
3. Егер көреген алтын түсті жасаушыны, әміршіні, пурушаны, Брахманның аясын көрсе,
ол, білгір ретінде, (өзінен) ізгілік пен зұлымдықты сілкиді де, тазаланып (жаратушыға
лайықты) жоғары тендікке жетеді.
4. Ол барлық нәрселерге нұрын шашатын нағыз тыныс. Осыны білетін дана артық
ештеңені де айтпайды. Брахманды осылайша аса білгір жан атманды ермек етеді, атманда
дем алады и әрекеттенеді.
5. Жарықтан және тазалықтан тұратын денедегі атман шындық, тапас, дұрыс білім және
тұрақты ұстамдылық арқылы жатады. Мұны өзін ұстайтын, мүкістен арылған (адамдар)
ғана аңғарады.
6. Жалғандық емес, шындық қана жеңеді. Шындық құдайларға жол табады, өзіңнің тілек-
ниетіңді (орындауға) жеткізетін жол шындықтың мызғымас аясына апарады.
7. Ол кең, құдіретті, ақыл жетпес келбетті, жіңішкенің жұқасы. Ол алыстан артық
жарқырайды да, өзіне жақыннан тартады. Ол жүректің терең түкпірінде болса да, оны осы
сырт көзде көреді.
8. Оны көз де, соз де, басқа сезім де, тапас та, әрекет те ұстай алмайды, бірақ таным
айқын, тіршілік таза болса, оны толғану арқылы бөлшексіз көреді.
9. Бұл жіңішке атманды бес (түрлі) келбетті прандар тұрақтайтын ақылмен түсіну керек.
Адамдар ойларының бәрі прандармен толған, түсіндіріледі. (Ой) тазаланғанда, бұл атман
жарқырайды.
10. Болмысы кіршіксіз кімде-кім ойында қандай дүниенің бейнесін еліктетпесін, қандай
ниеті болмасын, ол осы дүниелерге жетеді және (осы ниеттерді) орындайды. Сондықтан
игілікті тілеген адам атманды білгірді құрметтесін.
(Древнеиндийская философия. Начальный период.
М., Соцэкгиз, 1963, с. 28-35, 72-73, 76-82,