278
Мэн мен оның ұлдарының ызасы басылады. Олар ренжу сезімінен арылып, былай дейді:
—
Қайталама! Біз бәрін түсіндік.
Цзиньдік патша Керемет Вэй патшалығын басып алу үшін одақтастарымен бірігуге ниет
білдірді. Чу ханзада көкке қарап күліп жіберді.
—
Неге күлдің? — деді патша.
—
Мен, сіздің қызметшіңізбін, көршіге күлемін,— деп жауап береді ханзада. — Ол
жұбайын төркініне шығарып салады, ал жолда жібек тұтының жапырағын жинап
жүрген бір әйелді байқап қалады. Ол әйел оған ұнап қалады да, ол әйелмен сөз
қағыстыра бастайды. Кенет өз жұбайына бұрылып қараса, оны да біреу
айналдырып тұр екен. Сіздің құлыңыз, соған күлуде.
Патша оның не айтқысы келгенін түсініп, әскерді тоқтатады да, оны кері бұрып алып
кетеді. Ордаға жетпей жатып-ақ, оның патшалығына солтүстік шетінен жау шабады.
Цзинь патшалығы қарақшылардан жапа шегеді. Ал, онда тұратын Ци Юн деген кісі
қарақшыны сырт көрінісінен таниды. Ол олардың қандай адам екенін көздеріне үңіле, қас
пен кірпігіне қарап танитын. Цзинь патшасы оны қарақшыларды тануға жібереді, ал ол
жүзден де, мыңнан да бірін өткізбейді. Үлкен қуанышпен Цин патшасы Чжао Вэнь цзыға
былай дейді:
—
Маған мың адамның керегі не? Патшалығымда бірде-бір қарақшылар қашып
құтыла алмайтын, мен сондай бір адамды таптым!
—
Тақсыр егер де баскесерлерді андытып жүрген болсаң, онда олар көшіп кетпейді,—
деп жауап береді Вэньцзы. — Ал Ци Юнь, әрине, өз өлімімен өлмейді.
Қарақшылар жиылып ақылдасып шешеді:
—
Ци Юнь, міне, осы бізді тығырыққа тіреген.
Содан соң бәрі жабылып, оны өлтіреді. Мұны естіген Цин патшасының үрейі ұшып, дереу
Вэнь цзыны шақыртады да айтады:
—
Айтқаның дұрыс шықты. Ци Юн өлді. Енді қарақшыларды қалай ұстаймын?
—
Чжоу мақалы былай дейді: "Балықты тереңнен іздеме — бәле шақырасың; қанша
адамның тығылып жүргенін санама — апатты шақырасың!". Егерде патша
қарақшылардың болмауын қаласа, ақылдыларды жақын ұстауы керек және оларға
арқа сүйеуі қажет. Сонда жоғарыдағылар пісіп жетіледі, ал төменгілер өзгереді.
Егер халық ар мен ұятты білсе, онда кім қарақшылыққа барады?
Патша уәзір қылып Суй Хойды алады, ал қарақшылар Циньге қашып кетеді. Вэйден Луга
қайтып келе жатып, Кун Фу-цзы аттарын доғарып, көпірдің үстінен өзенге қарайды; су
отыз жэнь биіктіктен төмен құлап, иірім тоқсан лиде бұрқылдап қайнап жатыр. Бұл
жерден балық та, теңіз тас басқасы да жүзіп өте алмайды, өзен тасбақасы да, кайман да
тіршілік ете алмайды.
Әлде бір адам сарқыраманы кешіп өтпекші болады. Ол адамды тоқтатып және отан айту
үшін Кун Фу-цзы шәкірттерін өзен жағалауымен жібереді: