Page 277 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

277
Мен ілімнің нәтижесіне жеткен адам қуаныш пен тыныштыққа жетеді деп естідім.
Біз аштықтан жүдеп-жадап біттік. Патша сізге, Бұрын туылғанға, астық сыйлайды.
Бұл тағдыр емес пе? Ал сіз, Бұрын туылған бас тартасыз!
Ұстаз Ле-цзы күліп, жауап қайтарады:
Патша маған сыйға тары жібереді, ал өзі мені көрген жоқ, мен туралы бөтен
адамдардың сөзі арқылы ғана біледі. Бөтен адамның сөзі арқылы мені қылмыс
жасады деп айыптайды. Міне, сондықтан мен оның сыйын қабылдамадым.
Шынында да халқы көтеріліс жасап, Цзыянды өлтіріп тастайды. Лу патшалығынан келген
әлдебір Шидің екі ұлы болған. Біреуі ғылымды, ал екіншісі — әскери істі сүйеді. Ғылым
сүйген улы білгенін іске асыруды ойлап, Ци патшасына барады. Ци патшасы оны оз
ұлдарына ұстаз етіп тағайындайды. Әскери істі сүйген ұлы Чу патшалығына барады да, оз
өнерін чулық патшасының қабылдауын сұрайды. Патша оны ұнатып, әскер басы етіп
тағайындайды. Екі ұлдың жалақысы Ши отбасын байытып, бүкіл туыстарының арасында
олардың дәрежесін және мәртебесін көтереді.
Ши көршісі Мэнде де екі ұл болады. Олар да сол кәсіппен айналысады, бірақ тұрмыстары
төмен болады да, Ши отбасына қызғанышпен қарайды. Олардың қалайша тез
көтерілгендігін сұрамақшы болып, Мэн Шиге барады. Шидің екі ұлы бар шындықты
айтып береді. Мэннің бір ұлы Цинге барады да, оның патшалығында оз ғылымын
қолданбақ болады.
Қазір патшалар оз біріншіліктерін дәлелдеу үшін тек қару-жарақ және армия үшін
азық-түлікпен ғана айналысуда. Егерде менің патшалығымды мейірім мен
әділеттілікпен басқарса, ол тек оның құруына ғана әкеліп соғады, дейді де, Цин
патшасы кірмені піштіріп қуып шықты.
Екінші ұлы Вэйге барып, сонда өзінің әскери өнерін көрсетпекші болды.
Менің патшалығым әлсіз, бірақ мықтылардың арасында өзін ұстауы керек.
Бейбітшілікке ұмтылып, ұлы патшалықтарға қызмет етемін де әлсіздерге
көмектесемін. Әскери күшке сүйенсек, бізді өлім күтіп түр. Ал егер мен сені аман-
сау жіберсем, сен басқа патшалыққа барып басыма бәле төндірерсің,— деді де, Вэй
патшасы кірменің аяғын шауып оны Луга қайтарып жібереді.
Екі ұлы қайтып оралғанда Мэн ұлдарымен бірге көкіректерін соғып, Шиді біраз
балағаттап алады. Ши айтады:
Кімде-кім уақытын дер кезінде қолданса үлгереді! Ал уақытын өткізіп алған
құрдымға кетеді!
Ұлдарының өмір жолы менің ұлдарымдікіндей еді, бірақ жемісі — өзгеше. Ағаттық істе
емес, керісінше — оның өз уақытында болмағанында. Дүниеде әрқашан тура заңдылық
болмайды; әр кезде дұрыс емес іс болмайды. Бұрынырақ керек болғанды қазір лақтырып
тастау керек шығар; ал қазір лақтырған, мүмкін кейінірек керек болар. Бір нәрсенің
керектігі әлде керек еместігі үшін өзгермейтін ақиқат жоқ. Ыңғайлы жағдайды қалай
қолдану керектің, сәтін табудың, жағдайға қарап қимылдаудың қатып қалған өлшем
уақыты жоқ. Ол тек қана тез ойлап, қимылдауыңа байланысты. Егер тез ойлап
қимылдауың жетіспей жатса, онда Кун-фу-цзыдай білгір бол, Тайгундей стратег бол,
қайда болса да, тұғырықтан шыға алмас жерге кіреді де жүреді.