Page 276 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

276
төнеді. Ле-цзы атуды үйреніп жүреген еді. Нысананы дәл көздеп Шекара
қорғаушыдан (жол сілтеуін) сұрады.
Шекара қорғаушы оған сұрақ қойды.
Нысанаға не себептен тигізгеніңді білесің бе?
Білмеймін.
Демек, әлі шеберлікті меңгермеген екенсің.
Ле-цзы кетіп қалып, үш жыл дайындалып баяндауға қайта келді.
Шекара қорғаушы сұрақ қойды:
Нысанаға не себептен тигізгеніңді білесің бе?
Білемін.
Енді шеберлікті меңгерген екенсің! Ұмытпа және есінде сақта! Былай істе, тек
атуды ғана үйренбей өзіңмен бірге патшалықты да таны. Неге десең данышпан
адам өлімді ғана танымайды, олардың себебін танып біледі.
Ле-цзы айтқан:
Толық сұлулық — тәкаппар, толық күш — бетімен кетушілік, олармен ілім туралы
айтуға болмайды. Сондықтан әзірге шаштарына — ақ кіргенге дейін, олармен ілім
туралы сөйлесуге болмайды, ал оның іске асырылуы жөнінде үн қатпау тіпті ерте.
Бетімен кеткенге кісілер ақыл да бере алмайды. Егерде адамдар отан ақыл бере
алмаса, онда ол жалғыз және көмекшісіз қалады. Ақылды кісі адамдарға сенеді,
сондықтан да кәрілікте де босаңсымайды, оның білімі де сарқылмас және ретсіздік
те болмайды. Патшалықты басқарудың қиындығы өзінің ақылды болуында емес,
ақылдыларды табуда.
Әлдебір сулық үш жыл ішінде өзінің тақсыры үшін нефриттен чу аташының бұтағын
ойып жасайды, сондай шебер орындалған — тісті сабағымен және талшық қылшығымен,
сондай және жылтырақ екеуін қосып жіберсе нағыз чу ағашының бұтағынан ажырата
алмайсың. Бұл адамның сондай шеберлігі үшін Сун патшалығы оны асырай бастайды.
Бұл туралы естіп, ұстаз JIe-цзы айтады:
Егерде аспан мен жер заттарды тудыра отырып, үш жыл ішінде бір жапырақ
жасайтын болса, онда жапырақты өсімдіктер өте аз болар еді. Сондықтан дана адам
білімі мен шеберлігіне емес, табиғи осу процесіне сенер еді.
Ұстаз Ле-цзы мұқтаждыққа түсіп қалды да аштықтан әрең құтылады. Белгісіз қонақ ол
туралы Чжэн патшасы Цзыянга айтады.
Құрметті тақсыр, — деп сұрайды ол,— білімді қайраткердің аты шықпас па еді,
егерде ілімді игерген ер — Қарақшылар Қорғаушы Ле сіздің патшалығыңызда
кедейленбегенде.
Чжэннің Цзыяны дереу Ле-цзыға тары жеткізіп беруін қызметшісіне бұйырады. Ұстаз
елшіге шығып, екі рет басын иіп тарыны қабылдамай жібереді. Елші қайтып кетеді. Ле-
цзы үйге кіреді. Әйелі өз кеудесін ұрып оған қарап: