275
басқаларының күйзеліспен және қиындықпен өмір сүруінің арасындағы
айырмашылықта ма еді?!
8-тарау
Болжам туралы
Лe-цзы ұстаз Чаши-таудағы Орманшы ұстаздан тәлім алған және Орманшы ұстаз:
—
Егер артта жүруді үйренсең, өзіңді қалай ұстай білу жөнінде сөз қозғауға болады.
—
Артта жүру жайлы естігім келеді,— деп, жауап береді Ле-цзы.
—
Артындағы көлеңкеңе көз жүгірт, түсінесің.
Ле-цзы артына қарап көлеңкесін аңдыды: дене иілсе, көлеңке де иіледі; дене түзелсе, ол да
түзеледі. Демек, иіліс пен түзу жүру, көлеңкеге емес, денеге байланысты. Иілу мен түзу
жүру — менен емес (басқа) затқа байланысты. Міне, осыны айтады: артын ұста алдына
шығасың деп. Шекара қорғаушы Ле-цзы былай дейді:
—
Әдемі сөздің дауысы да көркем: сөз құлаққа жағымыз. Денең ұзын болса —
көлеңкең де ұзын, Ат жаңғырық болса — дене қимылы — көлеңке. Сондықтан да
былай айтылады:
Сөзіңе абай бол — онымен келіседі,
Ісіңе абай бол — артыңнан ереді.
Сондықтан данышпан адамдар шыққанның жолын күткен, кіргенде тану үшін; өткенді
бақылаған келешекті тану үшін. Болжаудың заңдылығы осында. Өлшем — оз ішінде, ал
тәжірибені растату басқада. Біреулер мені жақсы көреді,мен де оларды жақсы көремін, ал
біреулер жек көреді, мен де оларды жек көрем. Сыншы мен Жауынгер Аспан астын жақсы
көрді, сөйтіп патша болды. Бөлшекке бөлуші мен Адамгершілігі жоқтар аспан астын жек
көрді, сондықтан да бәрі ажал тапты. Міне, осыны (тәжірибені) растату дейді. Ешнәрсені
білмей жатып өлшем мен растауды түсінгісі келгендерді, есіктен емес, шытатындармен,
жүретіндерді, бірақ жолмен емес жүретіндерді салыстырамыз. Бұларға пайда табу қиын
болып па? Бір кездері мен Отты бағындырған ұлы жер игерушінің мейірімділігін
білгенмін, Жас айдаһар мен Қорғаушының жан қиярлығын көрдім, Шан мен Чжоу
(патшалығында) данышпандар мен заң шығаратындардың сөзін (түсіндім) бірақ осы
ілімдер болмай, өлім мен тіршіліктің көркею мен төмендеудің себебін ажырата алмаймыз.
Ян Хой сұрақ қойды:
—
Кім тәлім жайлы сұрар болса, байлықтан дәмеленеді. Мен қазір інжуге ие болдым,
яғни байыдым. Ілімнен қандай пайда?
Лe-цзы Ұстаз жауап береді:
—
Сұрақты дәл қойдың! Мен әлі (ол туралы) саған сөз қозғаған жоқ едім. Бөлшекке
Айырушы мен Адамгершіліксіз тек пайданы бағалады, ілімді жек көрді, сондықтан
өліп кетті. Жауапкершілікті білмеген адам, тек жеп ішсе, ит пен тауыққа ұқсайды.
Кімде-кім төбелесіп сүзіссе, бірі-бірінікін тартып жесе, онда ол жабайы құс пен
аңға ұқсас. Сонысымен ел арасында құрметке ие болуға тырысады, еш нәрсе де
шығара алмайды. Ал егерде құрметпен аты шықпаса, онда отан масқара мен қатер