Page 274 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

274
жатқызып қойса, отан ең жақсы бидай мен ет, орхидей мен мандарин әкеліп берсе, оның
жүрегіне өкініш ұялайды, ал тәнін мазасыздық билейді, ыстығы көтеріліп, науқастанып
қалады. Шан мен Лy патшалары диханмен бірдей жер жыртып еңбек етсе, олар коп уақыт
өтпей-ақ шаршап қалар еді. Сондықтан да дихан адамға тыныштық сыйлайтын және
ләззат беретін нәрсе Аспан астында бәрінен де жоғары тұрады!
Бір кездері Сун патшалығында жер жыртушы өмір сүреді. Қыстан шыту үшін түтілген
кендірден киім киеді, ал көктемде жұмыс істей жүріп, арқасын күнге қыздырады. Аспан
астында кең шатырдың, жылы үйдің, мақтаның және жібектің, түлкі мен жанат терісінің
болатынын ол білмейді. Бірде ол өз әйеліне:
Күннің арқаны қалай қыздыратынын ешкім білмейді. Егер бұл туралы патшамызға
айтатын болсам, үлкен сыйлық аламын.
Бір кездерде саған ұқсас адам болған, —деп көршісі, үлкен үйдің қожайыны айтып
береді. — Ол ірі бұршаққа құмар болды, кендір қурай сабағын, сельдерейді, су
жасымығын жақсы көрді және осы тағамдарды қауым байларының алдында
мақтайтын болды. Қауым байлары оларды алып дәмін татады — ауыздары
өртеніп, іштері ауырады. Бәрі ол адамды келемеждеп, ренжіте бастайды, ол оған
қатты ұялды.
Ян Чжу былай деді:
Сыртқы түріне қарап үйі бай, киімі керемет, ең дәмді тағамдар мен сұлу әйелдері
бар адамнан несіне дәмеленесіңдер? Егер адам осының бәріне ие бола тұрып, тағы
да бір нәрсені сырттай дәмеленетін болса, онда ол — тойымсыз мінезді адам.
Тойымсыз мінез адамды қара күйе сияқты жейді, ыстықтың күшіңдей күйдіреді,
суыққа тоңдырады. Патшаны тыныштандыру үшін ондай адамның адалдығы
жетпейді, бірақ өз тәніне қауіп төндіру үшін әділдігі жетеді; басқаларға пайда
әкелу үшін оның әділдігі жетпейді, бірақ өз өміріне нұқсан келтіру үшін әділдігі
жетеді. Егер жоғарыға қызмет адалдықпен болмаған болса, онда адалдың даңқы
жоталады; етер басқаға пайда әділетсіздікпен болған болса, онда әділдің даңқы
жоғалады. Патша үшін және қол астыңдағылар үшін тыныштық, басқаға және
өзіне пайда — көнелердің ілімі осындай.
Аю бақташысы былай дейді:
Даңқтан бас тартқан — қайғыны да білмес.
Лao-цзы айтады:
Даңқ аты — мән қонағы, ал көпшілік адам даңқ туралы шексіз қам жейді. Шын
мәнісінде даңқты ысырып тастауды қаламайды! Қазіргі кезде атқа ие болғандарды
құрметтейді және даңқын арттырады; атын шығармағандарды қорлайды және жек
көреді. Құрмет пен асыра мадақтау қамсыздық пен рахат әкеледі; қорлау мен жек
көру күйзеліс пен қиындық әкеледі. Күйзеліс пен қиындық адам табиғатын
жаншиды, қамсыздық пен рахат адам табиғатына сай келеді, бүл енді адам
мәнімен байланысты. Даңқтан қалай бас тартуға болады? Оны қалай қонақ деп
айтуға болады? Даңққа жабысып, мәнді шатастыратындарға деген тек жек
көрушілік қана бар. Даңққа жабысқандар мен мәнді шатастыратындар қауіптен,
күйреуден қатты қорқады, бірақ қорғаныс таба алмайды. Алайда, мәселе тек
біреулердің дырдумен және ләззат алумен өмір сүруінің арасындағы, ал