273
жеңгендер мен жеңілгендер, шыншылдар мен өтірікшілер — бәрі жоғалды, тек
баяу немесе жылдам дейтін мерзім ғана анық. Өмірдің қуанышы қандай? Қандай
да бір сәтте сені даңққа бөлейді немесе өсектейтініне мақтануымыз керек пе?
Өлгеннен кейінгі жүздеген жылдарғы даңқ үшін өз ақылымызды жағамыз ба әлде
өз тәнімізді қинаймыз ба? Одан қурап қалған сүйекке жан кіре ме?
Ян Чжу айтады:
—
Адам аспан мен жерге ұқсайды, оның табиғаты бес табиғи құбылысты қамтиды.
Адам — тірі жаратылыстың ішіндегі ең ақылдысы. Бірақ адамдардың тырнақтары
мен тістері өзін қорғау үшін онша мықты емес, терісі қорғаныс үшін онша қалың
емес, төнген қауіптерден қашып құтылу үшін ол онша жылдам қозғала алмайды.
Суық пен ыстықтан паналау үшін адамда жүн де, қанат та болмайды. Ол өзін басқа
заттармен қоректендіруіне тура келеді. Ол өзінің табиғатында күшке емес,
керісінше ақылға сүйенеді. Сондықтан ақылды қадірлейді, өйткені ол адамды
сақтайды; басқа заттарға қысым жасайтындықтан күшті жек кереді. Менің өз
тәніме иелігім жоқ, бірақ дүниеге келгендіктен оны сақтамауыма болмайды.
Заттарға иелік ете алмаймын, бірақ өмір сүретіндіктен оларсыз күн көре
алмаймын. Тон ақиқатында өмірдің басты компоненті, сондай-ақ заттар да оның
басты қорек көзі. Дегенмен де мен өмір мен тәнді біртұтастықта сақтасам да, бірақ
та ол тәнге иелік ете алмаймын; бүл заттарсыз күнім жоқ, бірақ оларға иелік ете
алмаймын. Кім ол заттарға иелік ететін болса, кім сол денелерге иелік ететін болса,
сол өз жеке басының мақсаты үшін Аспан астындағы денелерді жаулап алады, сол
оз жеке басының мақсаты үшін заттарды жаулап алады. Тек данагөй, тек нағыз
адам Аспан астындағы денелерді ортақ етеді, Аспан астындағы заттарды ортақ
етеді. Міне, осындай адамды нағыз адамдардың ішіндегі адам деп айта аламын.
Ян Чжу былай дейді:
—
Тірі адамдар төрт себептен демалуды білмейді. Біріншісі — ұзақ ғұмыр, екіншісі
— даңқ, үшіншісі — мансап, төртіншісі — байлық. Осы төрт себептен ата-баба
рухынан қорқады, адамдардан қорқады, биліктен қорқады, жазадан қорқады.
Ондайларды адамның өз табиғатынан қашатындар деп айтамын. Оларды өлтіре ме,
тірі қалдыра ма, олардың тағдыры адамнан тыс шешіледі. Тағдырға қарсы
шықпаған адам ұзақ ғұмырды армандаушы ма еді? Атағымен дандайсымайтын
адам атақты армандаушы ма еді? Билікке ұмтылмаған адам мансапты армандаушы
ма еді? Байлықты көксемейтін адам ақшаны армандаушы ма еді? Сондай адамды
адамдық табиғатқа сай адам деп айтар едім. Аспан астында оның бақталасы жоқ.
Оның тағдыры іштен шешіледі. Сондықтан даналыққа сүйенсек:
Қызмет те етпейді, жеңгетай да шақырмайды,
Бүкіл әуесқойлықтарының жартысын ұмытып кетеді.
Тамақтандырмайды да, киіндірмейді де
Қызметші болмаса, патша да болмайды.
Чжоу мақалы былай дейді: "Диханды отырғызу өлтірумен тең!". Таңның атысымен кетіп,
түн жарымында оралуды оның өзі табиғатындағы тұрақты құбылыс деп есептейді; бұршақ
пен тамыр сабақтарынан жасалған шалма көжені ең дәмді тағам деп есептейді. Оның
терісі мен еті қалың, қатқыл, бұлшық еттері мен сіңірлері мытым әрі қатты. Егер
күндердің күнінде оны жібек перделердің арасында жұмсақ қымбат аң терісінің үстіне