272
өз қалағанының бәрін істеді, өмірінің соңына дейін қуанышпен және көңіл көтерумен
болды. Ол — адамдардың ішіндегі ең нағыз әйелқұмар әрі жалқаудың өзі.
Адамгершіліксіз де сондай ұрпақтар жинаған байлықтың арқасында таққа отырды. Оның
билігі мүмкін емес дегенді білмеді, еркіне бас имеген адам болмады. Сарайда бүтіндей бір
цин жерді алған ол тән құмарлығын өтеу жолында сансыз түндерді өткізіп, өз
құмарлығына тоқтаусыз берілді. Өзіне дәстүрмен де, парызбен де еш тоқтау салмай-ақ,
әбден өзін өлтіріп тастағанша, ол өз мейлінше ойнады да, күлді де. Ол — адамдардың
ішіндегі ең құтырғаны әрі жүгенсіз кеткені еді!
Бұл екі қаскүнем тіршілігінде емін-еркін ойнап күлді, ал өлгеннен кейін ақылсыз және
деспот деген даңққа ие болды. Жаман даңқ, шындығында, оларды жанап өтті. Мейлі
оларды масқараласын, олардың өзі оны білмейді, мейлі оларға жамандықты таңып
жатсын, олардың өзі оны білмейді. Енді олардың бір түйір топырақтан, шірік түбірден еш
айырмашылығы жоқ емес пе! Алайда, сол торт данышпанға барлық кереметті телиді, олар
өмірлерінің соңына дейін қорлық көрді және бәрі бірдей өлді. Алайда, сол екі қаскүнемге
бар жамандықты телиді, ал олар өмірінің соңына дейін, ойнап-күлді және сондай-ақ
бірдей өлді. Ляндік патшаға келіп тұрып, Ян Чжу былай дейді:
—
Патшалықты басқару алақанды ашып-жұмғандай сияқты оңай!
—
Неге Бұрын туылған патшалықты басқару алақанды ашып-жұмған сияқты оңай
дейді? — деп, патша сұрайды.
—
Сіздің, Бұрын туылғанның, әйелі жөне тұтқын әйелдері бар, ал оларды игеруге
сіздің қабілетіңіз жетпейді; бағыңыз үш ми, ал оның шөбін шабуға сіздің
қабілетіңіз жетпейді!
—
Тақсыр, қойды қалай бағатынын көрдіңіз бе?— деп, Ян Чжу сұрады. — Егер
жүздеген бас мал табынымен бойы бес чи болатын, иығына асқан ұзын өрме
қамшысы бар қойшыны жіберетін болса, онда ол өзі шығысқа барғысы келсе,
табын мал шығысқа қарай жүреді; ол батысқа барғысы келсе, мал батысқа қарай
жүреді. Ұлықты бір қойды жіппен жетектеуге жіберіңіз, ал Қорғаушыны иығына
өрілген қамшы салып оның соңынан жіберіңіз, сонда қой тұрған жерінен алға
қарай бір де бір қадамға жылжымайды. Сонымен бірге, мен, сіздің қызметшіңіз,
кемені жұтушы балық өзеннің жанама тармағына неге жүзіп бармайтындығы
туралы естідім; аспанға шарықтап көтерілген аққу неге лайлы көлшікке
қонбайтындығы туралы естідім. Ол олардың мүмкіндіктерінің көптігінен. Күміс
қоңыраудың және үлкен қоңыраудың дыбысы қиқу дыбысты сүйемелдей алмайды.
Ол олардың даусының жоғарылығынан. Бұл алыпты басқарушы, кішіні
басқармайтынын білдіреді; ұлы жеңістерге жеткеннің, кіші ұрыстарға бармайды.
Ян Чжу айтады:
—
Бұрынғы өткен ата-бабалардың істеген істері туралы кімнің есінде? Олар жоғалып
кетті. Үш әміршінің қызметі әлде болды, әлде болмады; бес арғы аталардың
қызметі бірде өңіндегідей болып көрінеді, бірде түсіндегідей болады; үш
патшаның қызметі рас болған ба, құпия болған ба шексіз көптің бірін де білмейміз.
Өткен оқиғалардың — олар туралы естідің бе әлде көрдің бе — сансыз көптің
ішінен біреуін де тани алмайсың; көз алдында болған оқиғалардың — есте сақтала
ма әлде ұмытылып кете ме — мыңның ішінен біреуін де есте сақтай алмайсың.
Көне замандардан біздің заманымызға дейін қаншама жылдар өтті, оларды санау
мүмкін емес. Тек Құрбандық Етті Дайындайтын уақыттардан бері қарай үш жүз
мыңнан астам жыл өтті. Ақылдылар мен ақымақтар, сұлулар мен сұрықсыздар,