Page 271 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

271
буынды құрайды. Егер бір тал шаш бүкіл ғаламды құрайтын сансыз коп дененің
бірі болатын болса, онда оны елемеуге бола ма?
Менің сатан айтатыным жоқ,— дейді Цинь-цзы. — Бірақ, егер сенің сөзің туралы
Лao-цзы мен Шекара Күзетшісінен сұрайтын болса, олар сенің сөздеріңді әділ деп
мойындар еді; егер менің сөзім туралы Жас Айдаһар мен Мо Диден сұрайтын
болса, олар менің сөздерімді әділ деп мойындар еді.
Өз шәкірттеріне қарата отырып, Мэнсунь Ян басқа туралы айта бастады. Ян Чжу былай
дейді:
Аспан астындағы бар кереметті Қорғаушы мен Жас Айдаһарға, Чжоу (гунге) және
Кун Фу-цзыге телиді. Аспан астындағы бар содырлықты Бөлікке Айыратынға
және Адамгершіліксіздікке телиді. Өзеннен оңтүстікке қарай тұста жер жыртқан
кезде Қорғаушы Найзағай Сазында құмыра жасаумен айналысты, өз қолы мен
аяғына бір тыным бермеді, тойып та тамақ ішпеді. Ол отыз жыл өмір сүрді, оны
әкесі де, анасы да жақсы көрмеді, кіші бауырларымен де, өкпелерімен де тату
болмады; ата-анасына айтпай үйленді. Ұлық берген тақты қабылдаған кезде, ол
коп жасқа келген болатын, оның ақылы төмендеген болатын-ды, өйткені Шан
Цзюнь дарынсыз болатын, өле-өлгенше сол үшін күйінсе де, қайғырса да, тақты
Жас Айдаһарға береді. Ол — жер бетіндегі сорлының ең сорлысы еді!
Кит су мен жерді бағындырды, көп еңбек етті, бірақ нәтижесіз болды және өмір бақиға
Қанат-тауға қуылды. Жас Айдаһар оның ісін өзіне мұра етіп қалдырды, өз жауына қызмет
етті. Тек тастанды жерде ғана еңбек етті, ұлы туылған кезде оған ат қоймады; қақпаның
жанынан өтті — үйге кірмеді. Оның денесінің жартысы солды, қолдары мен аяқтары
ойылды. Қорғаушы берген тақты, керемет тәжді жөне алжапқышты ала отырып, өле-
өлгенше өзінің жаман күркесін ойлап қайғырды да күйзелді. Ол — жер бетіндегі
бейнетқордың ең үлкен бейнетқоры әрі еңбекқоры еді!
Жауынгер өлген кезде оның ұлы Чэнван әлі буыны қатпаған жас бала еді. Ұлы Аспанның
орнына Чжоугун биледі. Шаогунге ол ұнамады. Әлемнің төрт тарабына жала таратылды.
Чжоугун шығыста үш жыл өмір сүрді. Өзінің үлкен ағасын жазалады, кіші інісін
қуғындады, міне сонымен ғана өз өмірін сақтап қалды. Өмірінің соңына дейін күйзелді
және қайғырды. Ол — жер бетіндегі бар қауіпті және қорқақтың ең қорқағы және қауіптісі
еді!
Кун-фу-цзы ата-баба және патшалар ілімін игерді, өз заманындағы патшалардың
сыйлықтары мен шақыруларын қабылдауға келісім беріп отырды. Бірақ Сун
патшалығында оның үстіне ағаш құлатты, Вэйден қашқан кезде ол өз ізін суытып отырды,
Шан мен Чжоуда қиындықты бастан кешірді, Чэнь мен Цайдың арасында қоршауда
болған, Цзи оның арын таптады, Ян Тигр оны масқаралады, өмірінің соңына дейін
күйзелді де қайғырды. Ол — адамзаттың ішіндегі ең зердесіз және ең беймазасы. Бұл төрт
данышпанның өмірінде бір де бір көңілді күндері болған емес, ал өлгеннен кейін олардың
даңқы көп ұрпаққа жетіп жатты! Шындап келгенде, олар даңққа ие болмады. Мейлі
мақтай берсін, олар оны білмейді; мейлі оларды марапаттай берсін, олар оны білмейді.
Енді олардың бір түйір топырақтан, шірік түбірден еш айырмашылығы жоқ емес пе!
Ұрпақтар жинаған байлықтың арқасында Бөлікке Айырғыш таққа отырды. Төменгілердің
бәрін шеттету үшін оның ақылы жететін еді; теңіз аралығындағылардың бәрінің зәресін
алу үшін билік жеткілікті болды. Ол емін-еркін құлақ құрышын және назарын қандырды;