270
—
Табиғат заңы бойынша адам ұзақ өмір сүре алмайды. Өмірді бағалағаннан оны
сақтай алмайсың, денсаулықты күткеннен оны сақтай алмайсың. Ұзақ өмір не
үшін керек? Барлық бес сезім мүшедегі ләззат пен жиіркеніш қартайғанда қандай
болса, қазір де сондай; торт мүшедегі қауіп пен қауіпсіздік қартайғанда қандай
болса, қазір де сондай; істегі қайғы мен қуаныш қартайғанда қандай болса, қазір де
сондай; басқарудағы реттілік пен ретсіздіктің ауысуы қартайғанда қандай болса,
қазір де сондай. Оның бәрін көрдік, оның бәрін естідік, оның бәрін бірнеше рет
бастан кешірдік. Оның көптігі соншалық, жүз жылда әлі жалықтырады. Ұзақ өмір
сүру жеңіл дүние емес!
Ондай болса, ұзақ өмірден гөрі ерте өлім артық па? — деп, Мэнсунь Ян сұрайды. —
Қалағаныңа қол жеткізу үшін пышаққа, қайнақ суға немесе отқа түсуге тура келе ме,
қалай?
—
Жоқ,— деді Ян Чжу. — Өмір сүретін болғандықтан өміріңнің соңына дейін өз
қалауыңды орындай отырып, өлімді күте жеңіл өмір сүр. Өлім келсе, оны да жеңіл
қарсы ал, ол да өзінікін соңына дейін атқарсын, өшуге еркіндік бер. Барлығына
жеңіл қара, бәріне шыда. Қысқа ғұмырда неменеге асығу керек немесе неменеге
оны созу керек!
Ян Чжу былай дейді:
—
Жоғары жетілген (бір тал шашпен де) ешкімге көмектеспеді. Патшалықтан бас
тартып, елден бөлініп, өзі жеке жер жыртты. Ұлық Жас Айдаһар болса өз өзіне де
пайда келтірмеді және оның тәні жартылай қатып-семіп қалды. Көне заман адамы
Аспан астына пайда әкелу үшін бір тал шашты да жоғалтуға көнбес еді; егер де
бүкіл Аспан астын оның жалғыз өзіне әкелген болса да, ол алмаған болар еді. Егер
де ешкім бір тал шашты да құрбандық қылмаған болса, егер де Аспан астына
ешкім ешқандай пайда әкелмеген болса да, Аспан астында тыныштық болған
болар еді.
Цинь-цзы Ян Чжудан сұрайды:
—
Егер әлемге көмектесе алатын болсақ, онда сен бір тал шашынды жұлып берген
болар ма едің,?
—
әлемге, әрине, бір тал шашпен көмектесе алмайсың.
—
Ал егер мүмкін болатын болса, жұлып берген болар едім!
Ян Чжу үндемеді. Цинь-цзы шығып кетті де, болған жәйдің бәрін Мэнсунь Янға жеткізеді.
Мэнсунь Ян былай дейді:
—
Сен ұстаздың ойын жете түсінбедің. Саған оны түсіндіруге рұқсат ет. Көптеген
алтын алу үшін оз терінді жарақаттауға сен келіскен болар ма едің?
—
Келіскен болар едім.
—
Патшалық билігін алу үшін буыныңды кесуге сен келісер ме едің?
Цинь-цзы үндемеді.
—
Ақылға саламыз. Шаш теріден кішкентай емес пе; тері буыннан кіші емес пе. Ал
егер де бір талдап жинайтын болса, тері жиналмас па еді, ал тері жинала келе