269
бізді өзінікіне үйрете бастадың. Цзчань қобалжыды да оларға ештеңе деп жауап бере
алмады, ал келесі күні Дэн Сиге бар болған жағдайды айтып берді.
—
Сені кім ақылды деп айтты? — деп, Дэн Си сұрады. — Нағыз адамдармен қатар
өмір сүріп жатқаныңды сен әуелі білмейсің.Чжэн патшалығындағы тәртіп —
кездей соқтың ісі, сондықтан ол сенің сіңірген еңбегің емес.
Вэйлік Дуаньму Шу Цзыгунның замандасы болды. Ата-бабалардың байлығының
арқасында оның отбасында алтынның сансыз қоры жиналды. Ол іспен айналыспады, ал
керісінше, өз ұнатқанының соңына еркін түсіп кетті. Ол тек тірі жанның не істегісі
келетіннің бәрін істеді; адам ойы немен айналыса алатын болса, соның бәрімен
айналысты. Ғимарат пен қоршау, мұнара мен дәліздер, бау-бақша мен қорықтар, тоғандар
мен су қоймалары, шараптар мен тамақ, арба мен киім, ән мен әуен, сұлулар мен
қызметшілер — бәрі оған Чу мен Ци патшалығындағы патшаға ұқсады. Тек оның көңіліне
дұрыс келгеннің бәрі — құлаққа жағымды, көруге ұнамды, айтуға жақсы, Циде өсіп
жетілмеген, тіпті алыс елдегілер, бөтен қиыр шеттегілер өзінің бақшасынан алынғандай
оған сондай бір жеңілдікпен келіп отырды. Серуен кезінде оның араламаған жері қалмады
— кішігірім жалғыз аяқ жолдармен және алыс жолдармен, тіпті биік таулар, өзен, биік
шыңдар мен терең құздарды жәй бір қадам жасағандай, сондай бір жеңілдікпен жүріп
өтеді. Қонақтар мен сабаздар жүздеп оның шаруашылық жер меншігіне күнделікті ағылып
келіп жатты. Асханада қазанның астында от тынбай жанып тұрды, қонақ күтетін бөлмеде
және үсті жабық галереяларда он мен әуен тынбай естіліп тұрды. Тойдан қалған тамақты
туған-туыстарына таратты, олардан қалғанды бүкіл қауымға таратты, ал олардан қалғанды
бүкіл патшалыққа таратты.
Алпыс жыл өмір сүргеннен кейін оның тәні де, жаны да қартая бастады, барлық жұмысты
қойып, қазынасы мен қамбадағы барды тарата бастады: бағалы заттар мен қазынаны, арба
мен киімдерді, әйелдері мен тұтқын әйелдерді. Бір жылда бәрін тауысады, ұлдарына да,
немерелеріне де ештеңе қалмайды. Ол ауырған кезде не дәрі, не шаншитын тас ине
табылмайды. Өлген кезде оған көр қазатын құрал да табылмайды. Барлық патшалықтағы
одан сыйлыққа мұра алған адамдар жиылып, оны жерлейді және алған бұйымдарды
ұлдары мен немерелеріне қайтарып береді. Бұл туралы Цинь Гули естіп, былай дейді:
—
Дуаньму Шу — ақылсыз, өзінің бүкіл ата-бабасын масқаралады!
Бұл туралы шәкірт Дуаньгань естіп, былай дейді:
—
Дуаньму Шу — кеңпейіл адам, ізгілігі жағынан өзінің ата-бабаларынан да асып
түседі. Алайда оның іс-қимылы мен іс-әрекеттері бәрін таң қалдырады, бірақ ол
шын мәнісінде табиғат заңын игерген адам. Вэй патшалығының бекзадаларының
көп бөлігі әдет-ғұрып ілімін ұстанды, сондықтан да олар бүл адамның ықыласына
ие бола алмады.
Мэнсунь Ян Ян Чжудан сұрайды:
—
Мұндағы адам өмірді бағалайтын және тәнді қорғайтын адам делік. Ол өлімсіз
өмір сүре ала ма?
—
Табиғат заңы бойынша өлмейтін адам жоқ.
—
ұзақ өмір сүре ала ма?