26
2. (Пуруша)
1. Қымбаттым менің, шындық мынада: лапылдаған оттан бір-біріне тең мыңдаған
ұшқындар таралса, сол сияқты алуан жасалынған нәрселер тұрақтылықтан пайда болады
және соған қайта оралады.
2. Пуруша құдіретті және денесіз, ол сырттан не іштен тумайды, тыныссыз және ойсыз
болса да жоғарылап тұрақтаса, тазара да жоғарылай бермек.
3. Одан күллі нәрсе — тыныс, ой және бар сезім, кеңістік, ауа, жарық, су және жер
тарайды.
4. От — оның басы, күн мен ай — оның көздері, жарық әлемі — оның құлақтары, оның
тілі — Ведалар аян беретін мәліметтер, ауа — оның тынысы, дүние — оның жүрегі. Оның
аяғында жер (пайда болды), ол барлық нәрселердің нағыз атманы.
5. Одан күннен тұтанатын от (пайда болады), айдан жердегі жаңбыр, өсімдіктер (пайда
болды). Еркек ұрығынан әйелдікі ұрықтанады. Пурушаның жасампаздығы осында.
6. Одан риг, саман және яджас, арнау жоралғылары, құрбандық шалу түрлері, құрбандық
әкелу рәсімдері туындайды, сондай-ақ ай толатын, күн (жарқырайтын) дүниеде құрбандық
шалу рәсімі таралды.
7. Одан әр түрлі құдайлар, құдайсыздар, адамдар, малдар, құстар, тыныс алу және тыныс
шығару, күріш пен арпа, тапас, сенім, шындық, ұстамдылық пен заң туындады.
8. Одан жеті пран, жеті от, (олардың) жанар майы, жеті құрбандық шалу рәсімі, мына жеті
дүние, ондағы жүрек қатпарында жасырын тіршілік ететін прандар (туындады).
9. Одан барлық теңіздер мен таулар (туындады), одан күллі өзендер ағады; барлық
өсімдіктер мен олардың шырыны, солармен бірге алғашқы бастамалар арқылы ішкі
атманды құрайтындар (туындайды).
10. Пуруша дегеніміз қимыл-әрекет те, тапас та, Брахман да, осының бөрі де. Ол —
өлімнен де жоғары. Қымбаттым менің, жүректің қатпарындағы құпияны да білуші, бұл
дүниедегі білімсіздіктің түйінін шешуші де, сол!
Мундака-упанишада
II, 2. (Брахман)
1. Жүректің қатпарында жасырынғанның тылсым бастаудың айқындықтан аулақ болмауы
— тұрақтықтың үлкен ұйытқысы, құпия осында. Онда қозғалатын да, тыныстанатын да,
жыпылықтайтын да барлық күйлер шоғырланған. Білерсің: ол — мән де, мәнсіздік те,
адамдардың түсінігінен жоғары ең күткен нәрсе.
2. Жіңішкеден де жұқа жалында орналасқан дүниелер және онда (күллі) тіршілік
ететіндер, мұның бәрі де — Брахман. Брахман дегеніміз, қымбаттым менің, тыныс, сөз
және ой, ол шындық, өлмейтін сірескен нәрсе; оны білу керек, білу керек.
3. Упанишадтың садақтай үлкен қаруын ұстағасын, оған ұшталған нағыз жебені
құрметпен қадау абзал. Жебені (Брахман) мәніне бағыттауды ақылмен ұштағын.
Қымбаттым, бұл өзгермейтін мақсат екенін білгін.
4. ОМ буыны — садақ, жебесі — атман, оларды қолдану — Брахманның мақсатына
жатады. Оны ықыласпен танып білу тиістілік. Әркім (нысанаға) қадалған жебедей онымен
(Брахманмен— Ж.М.) біртұтас болғаны жөн.
5. Бір оны аспанды, жерді жөне ауа кеңістігін ораған атмандай, тіпті барлық прандармен
сіңіскен ойдай қабылдағын. Басқа сөздерді қабылдамағын. Ол — өлместікке, мәңгілікке
дәнекер. (243 б)
6. Дененің қан тамыры доңғалақтың ортасындағы шабақтай бірге тоғысып, оның ішінде
айналғанда, әр түрлі көрініске ұшырайды. Атманды ойлағандай ОМ буыны туралы да
ойлағын. Қараңғының басқа жағасына жеткен сайын, бақытты бол.