268
Олармен үш айда бір рет кездескеннің өзінде, ол оны қанағат тұтпайтын. Қауымда бір
сүйкімді қыз өсіп келе жатса, ол сөзсіз өзінің дегеніне жететін, не сыйлықтармен
қызықтырып алатын, не жеңгетайдың көмегімен алып кететін. Күндіз-түні бауырлары
үшін қынжылған Цзычань, ақылдасу үшін Дэн Сиге жасырын аттанып кетті.
—
Мен, Цяо, өзіңді өзің басқара білу отбасыңа ықпал етеді, ал отбасын басқара білу
патшалықты басқаруға ықпал жасайды деп естідім,— деді Цзычань. — Бүл нақыл
сөз жақыннан басталып, алыспен аяқталады. Мен, Цяо, патшалыққа тәртіп
әкелдім, ал отбасымда менің тәртіп жоқ. Бүл ілімге қайшы. Ағайындыларды қалай
құтқару керек? Сен оған көмектесе алмайсың ба?
—
Мен саған бұрыннан таң қалушы едім,— деп, Дэн Си жауап қатты. — Бірақ
бірінші болып сөйлеуге батылым бармады. Неге сен бауырларыңды тез жөнге
салмайсың? Өмірдің маңыздылығы туралы өсиет нақыл неге айтпайсың, дәстүр
мен парызды құрметтеуге неге шақырмайсың.
Бос уақыт тапқан кезде Цзычань өз бауырларына барады да, Дэн Сидің ақыл-кеңесін
пайдаланып оларға мынаны айтады:
—
Құстар және андармен салыстырғанда адам тек ақылымен ғана құнды. Дәстүр мен
парыз ақылмен басқарылады. Кім дәстүрді мүлтіксіз сақтайтын болса және
парызға мықты боса, солар даңқ пен лауазымға ие болады. Оз сезімін қоздырып
және одан жаманшылық пен айызын қандырудан ләззат алуды іздеу адам өмірі
үшін қауіпті. Менің, Цяоның, сөздеріме құлақ салыңдар, таңнан бастап тәубеңе
келсең, кешке қарай жалақылы боларсың.
—
Неге сонша біз сенің осы туралы айтуыңды күттік? Біз мұны бұрын-ақ түсінгенбіз
және әлдеқашан өз таңдауымызды анықтағанбыз,— деп Таң Шапағы мен Жарым
түншіл жауап береді.
Өмір — өте сирек сәттілік, ал өлім — әп-сәтте-ақ келерлік бір жұт. Аса қиындықпен ұзақ
күтіп, қол жеткізген өмірді әсте жеңіл келе қалатын өлімге жіберуді кім ойлап тапты екен?
Дәстүрді құрметтеуге және парыз алдындағы жауапкершілікті өтеуге ұмтылу — мұның
бәрі бір мақтаныш үшін бе? Өз сезімің мен табиғатқа салмақ салу атақ, даңққа жетудің
мақсатында ма? Бүл біз үшін өлімнен де жаман! Өзіңнің жалғыз ғана өміріңнің ләззатын
сарқа алуды, бүл күндердің барлық қуанышын көруді қалай отырып, лықа толтырылған
асқазан адамның су ішу еркіне кедергі жасамаса екен деп мазасызданамыз; күштің кетуі
тәннің өз құмарлығын өтеу еркіне кедергі болмасын деп қобалжимыз. Арсыз даңқ та, өмір
үшін қауіптілігі де бізді қайғыландырмайды.
Патшалықты басқаруда шеберлік жатынан барлығынан асып түскен сен қандай
аяныштысын, қаңдай жексұрынсың! Өнеге сөздеріңмен біздің ойымызды шатастыруға
ниет жасадың ба? Даңқпен және төлем ақымен біздің жүрегімізді жаулап алғың келді ме?
Біз де сенімен пікір таластырғымыз келеді!
Сыртқы әлемді басқара алатын адам, адамдар арасында реттілік орната алуы екі талай,
өйткені оның өзі қиындыққа душар болған. Өзінің ішкі дүниесін басқара алатын адамның
толқуға ұрынуы, оның өмірінің қамсыз болуы екіталай. Сыртқы әлемді сен басқаратын заң
адамдардың қалауына жауап бере немесе жауап бермей уақытша бір патшалықта
таратылуы мүмкін. Егер біздің ішкі дүниені басқару әдісіміз бүкіл Аспан астына
таратылатын болса, онда патша мен қызметшілер туралы ілімнің күні біткен болар еді. Біз
бүл әдісті біз саған баяғыда-ақ түсіндірмекші болғанбыз, бірақ сен, керісінше, кенеттен