Page 267 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

267
Өзіңе кедергі жасама, өзіңді тоқтатпа. Тек еркін өмір сүр.
Ал нақтырақ айтқанда қалай болады?
Құлаққа естігісі келгенді естірту; көз нені көргісі келсе соны көрсету; мұрын нені
иіскегісі келсе соны иіскету; ауыз нені айтқысы келсе соны айтқызу; тән қалай
тұрам десе солай тұрғызу; жүрек қалай ойлаймын десе солай ойлауға мүмкіндік
беру. Құлақтың әуен тыңдағысы келеді емес пе, ;иі оған бөгет болу деген сөз оның
есту қабілетін төмендетуді білдіреді; көз әсемдік пен әралуан түсті көргісі келеді,
ал оған кедергі болу көздің көру қабілетін нашарлатуды білдіреді; мұрын хош иісті
иіскегісі келеді, ал оған бөгет болу мұрынның иіс сезу қабілетін төмендетуді
білдіреді; ауыз ақиқат пен жалған туралы айтқысы келеді, ал оған кедергі болу
ақылды тоқыратуды білдіреді; тән керемет пен ұнамдыға тұрақтағысы келеді, ал
оған кедергі жасау оның өзін-өзі жақсы сезіну қабілетін жоғалтуды білдіреді; ой
еркіндікті армандайды, ал отан бөгет болу оның дамуына жол бермеу дегенді
білдіреді. Бұл кедергілердің бәрі — қатал рақымсыздық. Бүл қатал
рақымсыздықты жоятын болсаң, өлгенге дейін көңілді өмір сүресің. Міне, мен
бұны өмірге қамқор болу деп есептеймін. Өзіңді сол бір қатал рақымсыздықтарға
байлайтын болсаң, өзіңді қатал шырмауға саласың, ұзақ өмір үшін қайғы-қасіретке
және қамқорлық жасаумен өмір сүруді мен өз жанымды күту үшін қамқорлық деп
айта алмаймын. Мен саған өмірге қалай қамқорлық жасау керектігін түсіндірдім,
деп ой түйіндеді Гуань Чжун.
Ал сен өлген адамды соңғы сапарға қалай аттандыру керектігін айтып берші?
Түсіндіретін не бар? Жерлеу рәсімдеріне мен көңіл қоймаймын.
Сені тыңдасам деймін.
Жан тапсырғанда, рәсімнің маған қандай қатысы бар? Денені өртеуге, суға
батыруға, көмуге, ашық аспан астында қалдыруға, шырпымен жауып, шұңқырға
тастай салуға, зерленген жібек киімге орап, тас саркофагқа салуға болады.
Жағдайға қарай.
Біз екеуіміз өмір мен өлім жайлы ілімді терең таныдық,— деп Гуань Чжун Баопгу
мен Хуан-цзыға бұрылды.
Цзычань Чжэн патшалығын басқаруға көмектесе бастады, осы үш жылда жалғыз өзі билік
құрып тұрған тұста, ізгілер оның реформаларына бағынды, рақымсыздар оның
тыйымдарынан қорықты. Чжэн патшалығында тәртіп орнап, барлық билеушілер одан
қауіптене бастады.
Цзычанның Гунсунь Таңғы Шапақ атты ағасы және Гунсунь Жарым түншіл атты інісі
болды. Таңғы Шапақ шарапты жақсы көретін, ал Жарым түншіл — әйелдерді. Таңғы
Шапақ үйінде шарап мыңдаған қазандарда, ашытқысы — тау-тау болып дайындалатын,
қақпадан жүздеген қадам жерден шарап қойыртпағының иісі мұрынға ұратын. Мастыққа
берілген ол, тыныштық (орнап түр ма), немесе қатер (төніп тұр ма), хабарсыз; адамдар
арасындағы орнаған тәртіпке өкінуден, не олардың наразылығынан бейхабар, өз үйіңдегі
кіріс пен шығыс; өз тегінің барлық тоғыз ата арасының жақындасуы немесе жатсынуы
оны алаңдатпайтын; өмірдің қызығын, не өлімнің қасіретін сезінбейтін; тіпті, қасында
болып жатқан су тасқынын, өртті немесе ұрысты да білмейтін.
Жарымтүншілдің, тіпті, әйелдер жағында таңдаулылар, ең жас өте әдемі сұлулар үшін
қатар-қатар ондаған бөлмелері созылып жатты. Ол сұлуларға берілген кезде, туыстарынан
тығылып, достарынан қол үзіп, әйелдер бөлмесінде күні-түні жасырынып жататын.