Page 266 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

266
Ян Чжу былай дейді:
Өмірде әр нәрсе бір-бірінен ерекшеленеді, ал өлімде бәрі бірдей. Өмірде ақылды
мен ақымақтың, атақты мен атақсыздың бір-бірінен айырмашылығы болады;
өлгенде бөрі бірдей сасиды және ыдырайды, шіриді және жоқ болады. Бұл
адамның ақылды немесе ақымақ, атақты немесе атақсыз болуы оның қабілетіне
байланысты дегенді білдірмейді; бүл адамның сасуы жөне ыдырауы, шіруі және
жойылуы оның өз қабілетіне байланысты дегенді білдірмейді. Түйіндей келгенде,
бүл өмір тірілерге байланысты, ал өлім өлілерге байланысты дегенді білдірмейді;
ақыл — ақылдыдан, ал ақымақтық — ақымақтан, атақ — атақтыдан, ал жағдайдың
төмендігі — төмендерден дегенді білдірмейді. Бірақ бүл өмірде заттардың бәрі
бірдей және өлгенде бәрі тең, даналықта да теңдей, ақымақтықта да бірдей, атақта
да бірдей, жағдайы төмен болуда да бірдей. Он жастағы да өледі, жүз жастағы да
өледі. Рақымды мен данышпан да өледі, залым мен ессіз де өледі. Тіршілікте ұлық
және Қорғаушы, өлгеннен кейін — шіріген сүйек. Тіршілікте Өзгенің түге-түгесін
Шығарушы және Адамшылықтан айрылған болды, өлгеннен кейін — шіріген
сүйек. Олардың айырмашылығын кім анықтайды, шіріген сүйектердің бәрі бірдей
емес пе?! Тіршіліктің рахатын көрген дұрыс, о дүниеде болатынға әуреге түсудің
қажеті қанша!
Ян Чжу айтады:
Үлкен Тегіс қалаудан алыс болмады. Өзінің тазалығын шектен тыс мақтаныш
тұтып, өзін өлімге әкелді. Мәжнүн талдың астында Цзи сезімталдықтан ада емес
еді, бірақ өзінің шамадан тыс менмендігінен ұрпақ жалғастырмады.
Ян Чжу айтады:
— Юань Сянь Луда тақыр кедейге айналады, Цзыгун Вэйде жүріп байиды. Юань
Сянь кедейліктен қысқа ғұмыр кешеді; Цзыгун байлықтан өз басына қасірет
туғызды. Ондай болса не баюға, не кедей болуға болмай ма? Не істеуге болады?
Айтайын: өмірге қуануға болады, өзіңді тіршілік тауқыметімен аса қинамауға
болады. Өйткені кім өмірден ләззат ала алатын болса, сол кедей болмайды; кім
өзін өмір тауқыметімен аса қинамайтын болса, сол байымайды.
Ян Чжу айтады:
"Өмірде бірін-бірі аяу қажет, өлгеннен кейін бір-бірін артта қалдыру керек" —
деген көне мақалда ақиқат жатыр. "Бірін-бірі аяу" — деген соз тек жай сезімді ғана
емес, сонымен бірге шаршағанға дем алуға мүмкіндік беруге, тоңғанды жылытуға,
тұйыққа тірелгенге одан шығудың жолын табуға көмектесуге дайын болуды да
білдіреді. "Бір-бірін артта қалдыру" — деген соз өлгенге жылама дегенді
білдірмесе керек, керісінше өлікті кестелі парчаға орамауды, оның аузына маржан
мен нефритті салмауды, құрбандық шалмауды, жылтырауық ыдысты қоймауды
білдіреді.
Янь Пинчжун Гуань Чжуннен адам өз өміріне қалай қамқорлық жасауы керектігі жайлы
сұрайды. Гуань Чжун былайша жауап береді: