Page 265 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

265
Гуань Чжун Циді басқаруға көмектесіп жүргенде, патша азғындықпен күн кешті
және Гуань Чжун де азғындады; патша ысырапшыл болды және Гуань Чжун да
ысырапшылдыққа барды.
Гуань Чжун өзінің ұмтылысында патшамен бірге болды, сөзінде де Гуань Чжун патшаның
ізін қуды. Гуань Чжунның ілімі іске асты, ал патша көсем болды. Өлгеннен кейін Гуанның
тек аты ғана қалды. Тянь Циді басқаруға көмектескен кезде, патша тәкаппар болды, ал
Тянь қарапайым болды, патша халықты тонады, ал Тянь халыққа таратты. Бүкіл халық
Тяньге бет бұрды, міне, сондықтан ол Циге үстемдік етуге ие болды. Осы күнге дейін
патшалық билігімен оның ұлдары мен немерелері масаттануда.
Демек, егер даңқ ақиқат болса, онда оның кедей болғаны ма? Егер даңқ жалған
болса, онда оның толысқанды болғаны ма?
Ақиқатқа жеткендер даңқты емес, даңққа ие болғандар ақиқатқа қол
жеткізбегендер.
Даңқы шыққандар — жалған, ақиқи емес. Ертеде ұлы Мәртебелі мен Қорғаушы Аспан
астындағы билігін әдейі жорта Ешкімнен Ұялмасқа және Жалтара білушіге орын береді.
Жер бетін жоғалтпай олар, сый-сияпатқа жүз жылдан белшесінен батқан. Үлкен Тегіс пен
Кіші Тең шын ниеттен патшалық билікті береді және ақыр соңында Жалғыз Бамбук оз
билігін жоғалтады, Алғашқы Күн тауы төбесінде аштықтан өледі. Осылайша ақиқат пен
жалғанның айырмашылығы көрініс табады.
Ян Чжун айтады:
Жүз жыл өмір — ұзақ мерзім. Бірақ жүз жыл өмір сүру мыңның бірінің де қолынан
келмей жатыр. Мысалы ондай болады делік. Бірақ балалық шақ ана құшағында
және кәрілік уақыттың тең жартысына жуығын алады; түнгі ұйқыдағы түспен
өтетін өмір және сергек күндер қалған уақыттың жартысына жуығын алады;
күйзелу мен науқас, азап пен қайғы, айрылу мен жоғалту, уайым мен үрей тағы
жартысына жуығын алады. Қалған он жылдан артық уақытта адамның көңілді
болуына, өзіне-өзі риза, бейжай болуына уақыт табыла ма? Адам онда неге өмір
сүреді? Құмарын қандыру үшін бе? Әсем де әдемілік үшін бе? Әуезді әуен мен
махаббат үшін бе? Әдемілік пен той тойлаудан әр кез нәр алмассың, тоярсың.
Әуен мен махаббатты үнемі армандауға болмайды. Ал мұнда жазалаумен тағы да
шек қояды және марапаттаумен мойындатады; даңқ үшін алға жетелейді және
заңның күшімен артқа итереді. Өлгеннен кейінгі асып-тасыған даңққа дәмелене
отырып, біз бір сәттік бос даңқ үшін күресуге асығамыз. Иіле мұқият тыңдаймыз
және оз қалауымыздың ақиқаттығына немесе жалғандығына өкінішпен қараймыз.
Осы жылдарда ләззаттың биік сәттерін бекер өткізіп алудамыз. Егер де көзді ашып
жұмғандай уақытқа бейқамдық танытсақ, онда кісенделген тұтқыннан не
айырмашылығымыз бар?
Ежелгі заман данышпандары өмірге аяқ басып, аяндап келетінін білген, сонымен қатар
ақыр соңында өлімнің алып кететінін де білген. Сондықтан да оз жүректерінің өмірімен
әрекет жасаған және өздерінің табиғи қалауларына қарсы келмеген. Өмірде ләззат алудан
да қашпаған, сондықтан оларда даңққа деген құлшыныс жоқ болды.Өз табиғатына сай
көңіл көтерді, сансыз құмарлықтың жетегінде кетпеді, өлгеннен кейінгі даңқтың соңына
түспеді, сондықтан да олар жазаға тап болмады. Қанша жыл өмір сүретінін білмеді жөне
даңқтың алдымен немесе кейін болатынын білмеді.