Page 264 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

264
Бағана серуендеп жүрген кезде мен қайғыландым. Мені қайталап, Кун мен Цзюй
еңіреп жылады. Сен тек бір өзің неге күлдің?
Ол екеуіне қарап, мен, сіздің қызметшіңіз, жасырын күлдім,— деп, жауап береді
Янь-цзы. — Егер рақымшылдар тақта мәңгі отыра алатын болса, онда оған Тайгун
мен Хуань-гун отырар еді гой, егер ер жүректілер тақта мәңгі отыра алатын болса,
онда оны Лайықтының лайықтысы мен
Керемет алар еді той. Оны басқа патшалар алар еді, ал біздің патша үстінде плащь,
басында ши қалпақпен егістіктің ортасында тұрар еді және тек егіннің өнімі туралы
мәселемен айланысар еді. Өлім туралы ойлауға уақытты қайдан алар еді? Менің патшам
бүл тақты қалай алатын еді? Ол патшалардың тек ауыса отырып, бірінің алынып және
екіншісінің одан кетуінің арқасында ғана, тақсыр, ол сізге өтті. Ал ол үшін жылау —
лайықсыз. Мен лайықсыз патшаны көрдім, оның екі жүзді қызметшілерін көрдім.
Цзингун өкінішпен айып шарабын (кубок) көтеріп салды да, ал екі қызметшісіне екі куб
(шарап) айып салады.
Шығыс қақпаға жақын жердегі Вэйде бір У деген адам өмір сүреді. Ұлы өлген кезде, ол
қайғырмады. Үй басқармасы одан сұрайды:
Неге сіз қазір ұлыңыздың өлімі туралы қайғырмайсыз? Сіз, тақсыр, жер бетінде еш
адам өз ұлын ондай дәрежеде сүйе алмайтындай деңгейде жақсы көріп едіңіз ғой!
Мен неге қайғырамын? —деп жауап береді, Шығыс қақпасына жақын жерде
тұрған У. — Ілгеріде менің ұлым болмаған. Ұлым болмаған кезде қайғырған
жоқпын. Ұлым өлді, бұрын болмағаны сияқты ол енді жоқ.
Диқан жыл мезгіліне үлгереді, саудагер кіріс туралы ойлайды, қолөнерші шеберлікке
жетеді, әскер билікке ұмтылады — бұған оларды жағдай мәжбүрлейді. Алайда, егіншіде
су тасқыны және құрғақшылық, саудагерде — түсім және шығын, қолөнершіде — сәттілік
және сәтсіздік, әскерде — жеңіліс және жеңіс болып тұрады. Тағдырдың көрінісі осындай.
7-тарау
Ян Чжу
Ян Чжу, Луда жаһан кезіп жүріп, Мэндікіне тоқтағанда, Мэн оған сауал қояды:
Адам баласы болып туылдың, енді неге ұмтылу керек? Даңқтың не керегі бар?
Даңқ байлық үшін,— деді, Ян Чжу жауап қата.
Егер де байыған болсаң, әрі қарай неге ұмтылуың керек?
Атаққа.
Егер де атағың жер жарса, әрі қарай неге ұмтылуың керек?
Өлімге.
Өлдің делік, әрі қарай неге ұмтылуың керек?
Ұлдар мен немерелердің рахаты үшін.
Ұл мен немереге даңқ рахат әкеле ме?
Өлгеннен кейінгі алған даңқтың арқасындағы өрлеу тек ұлдар мен немерелерге
ғана емес, бүкіл руға тарайды, ал жиған дүние бүкіл қауымға тарайды. Сондықтан
даңқ үшін тән шаршайды, жүрек уайым-қайғыға салынады.
Даңққа ұмтылған әркім, риясыз болу керек. Ал риясыздар кедей емес пе? Даңққа
ұмтылған әркім, көнгіш болуы керек. Ал көнгіштер атақты ма?