263
Төрт адам — Көнгіш, Жалғыз билеп төстеуші, Басқыншы және Дарашыл — бәрі бірге жер
жүзін шарлайды. Олардың әрқайсысы өз қызығушылықтарымен болады да, күндерінің
соңына дейін бір-біріне назар салмайды. Әркім өз уақытына жауап береді деп есептейді.
Тобыр осылай әрекет жасайды. Сыртқы пішіндері әртүрлі, бәрі бағыттарымен бірігеді
және тағдырға бағынады.
Жетістікке жақын — жетістікке ұқсайды, бірақ (ол) әлі де жетістіктің басы емес,
сәтсіздікке жақын — сәтсіздікке ұқсайды, бірақ (ол) әлі де сәтсіздіктің басы емес. Адасу
ұқсастықтан пайда болады. ұқсастық шекарасы — ажыратқысыз, бірақ кім үшін ұқсастық
ажыратылатын болса, оны сыртқы қырсық қорқыта алмайды, іштейгі бақыт та қуанта
алмайды. Қандай кезде әрекет ету керек, қандай кезде әрекет етпеу керек — ақылды да
тани алмайды.
Тағдырға сенетін (фаталист) "мен" мен "мен еместің" ара-жігін ажыратып жатпайды.
"Мен" мен "мен еместің" ара жігін ажырататын адам көзін жұмып және құлатын жауып,
арқасымен таудың қырына тұратын, бетімен қала шұңқырына қарап тұруы, құламағаннан
да жаман. Сондықтан да айтылады: "өлім мен өмір тағдырға тәуелді, кедейлік пен
сәтсіздік уақытқа тәуелді". Кім өмір қысқалығына наразы болса, ол тағдырды түсінбейді;
кім өлім үрейін білмесе, ол кедейлікке қайғырмайды, тағдырды түсінеді және өзінің
уақытына қанағаттанады. Табыс пен шығынды бағалай отырып, көп білетін, сияқты
көрінетінді нақтылықтан ажыратады, адамдардың көңіл-күйін біле отырып, жартылай қол
жеткізеді, жартылай жоғалтады; аз білетін табыс пен шығынды бағалай алмай, жоба
сияқты көрінетінді нақтыдан ажырата алмай, адамдардың көңіл-күйін анықтай алмай, ол
да сол сияқты жартылай ие болады, жартылай жоғалтады. Бағалайтын, сенім артатын,
анықтайтын адамдар мен бағаламайтын, сенім артпайтын, анықтамайтын адамдар
арасында айырмашылық бар ма еді? Тек ештеңені мөлшерлемей бәрін өлшейтін адам тана
тұтастыққа қол жеткізеді және шығынға ұшырамайды. Бірақ ол тұтастықты және
шығынды білгендігінен емес. Тұтастық өздігінен, шытын өздігінен, жоғалтып алу
өздігінен болады.
Цилік патша Цзин (Лян) іун Өгіз тауында серуен құрады. Солтүстіктен астана қорғанына
жақындап келіп, ол көзінің жасын төгіп, айқайлап жібереді:
—
Ә! Менің патшалығым қандай тамаша! Өсімдіктер қандай сөнді! Шық тамшылары
қандай әсем! Қалайша бұл патшалықты тастап, өлуге тура келеді? Егер де көне
көздер өлмеген болса, маған да бұл жерден басқа дүниеге кетуге тура келмес еді.
Оны қайталап, Лян тауынан келген Цзюй жоне Хронист Кун еңіреп жылай бастайды:
—
Патшаның қайырымының арқасында біз, сіздің, қызметшілеріңіз, тұрпайы дәнмен
жөне нашар етпен тамақтана аламыз; көтерем ат және тоқылған арбамен жүре
аламыз. Егер біздің өлгіміз келмейтін болса, онда біздің патша туралы не айтуға
болады?
Тек Янь-цзы ғана шетте тұрып күліп жібереді. Патша көзінің жасын сүртті де, Янь-цзыға
бұрылып, былай дейді: