Page 261 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

261
Бірақ Цзи Ляннің ұлдары ешнәрсе түсінбеді де, ақыр аяғында үш емшіні шақырады.
Біріншісін — Алдамшы, екіншісін — Әркімге бас изеуші, үшіншісін — Ойыншы деп
атады. Науқасты қарайды да, Алдамшы Цзи Лянге айтады:
Сенің денедегі суық пен ыстық біркелкі емес, бос пен толық тең емес. Сенің
науқасыңды Аспан да, ата-баба рухы да шақырмаған. Сенің науқасың аштықтан
және шамадан тыс тойып тамақ ішкеннен, құмарлықтан және ләззат алудан,
рухани қамқорлықтан және қамқорсыздықтан болған. Бірақ, оған қарамастан, мен
біртіндеп оны емдеймін.
Емші, қандай көп,— деген қорытындыға келеді де, Цзи Лян оны тез қуып жібереді.
Әркімге бас изеуші айтады:
Сенде әуелден, тіпті анаңның құрсағында жатқаннан бастап өмір энергиясы
жетпеген, емшек сүтін болса әбден жеткілікті емгенсің. Науқастың себебі бір
таңда жөне бір кеште емес, біртіндеп пайда болған әрі сені емдеп сауықтыруға
болмайды.
— —Емші жақсы,— деп, Цзи Лян қорытынды жасайды да оны тамақтандыруды
бұйырады.
Ойыншы айтады:
Сенің науқасың Аспаннан да, адамнан да және ата-баба рухынан да емес.
Табиғаттан жаратылдың және дене бітім берілді. Оны табиғи заң қанша
басқаратын болса, сонша біз ол туралы білеміз. Дәрі мен тас ине шаншыған саған
қалай көмектеседі?
— —Емші білгір,— деп, Цзи Лян қорытынды жасайды және оны мол сыйлықпен
қайтарады.
Ал Цзи Ляннің науқасы кенеттен өзінен-өзі қайтады.
Өмірді бағалағаннан, ол сақталмайды; денсаулықты сақтағаннан ол жақсармайды; өмірді
мезгілсіз жоғалтатыны, оны жек көруден емес, денсаулықтың нашарлауы, оны
ескермеуден емес. Сондықтан өмірді қадірлейтін адам өмір сүрмеуі мүмкін; өмірді жек
көретін адам өлмеуі мүмкін; денсаулығын сақтайтын адам, оны жақсарта алмауы мүмкін;
денсаулығын ескермейтін адам, оны төмендетпеуі мүмкін. Осының бәрі адамның
қалауына қарсы болып жататын сияқты. Қарсы келмеуден емес. Бүл адам өзінен өзі өмір
сүреді, өзінен өзі өледі, денсаулық өзінен өзі жақсарады, өзінен өзі нашарлайды дегенді
білдіреді. Өмірді бағалайтын және өмір сүретін немесе өмірді жек көретін және өлетін де
болады; денсаулықты сақтайтын және оны жақсартатын немесе денсаулықты ескермейтін
және оны нашарлататын да болады.
Осының бәрі адамның қалауына сәйкес келетін болып көрінеді. Жоқ, сәйкес келмейді. Бұл
да сондай адам өзімен өзі өмір сүреді, өзінен өзі өледі, денсаулық өзінен өзі жақсарады,
өзінен өзі нашарлайды дегенді білдіреді.
Шекара Күзетшісіне Лao-цзы айтады:
Табиғаттың өшпенділігінен кім себеп таба алады?