Page 260 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

260
халыққа иілетін болса, онда ор кезде халықты баурап алуга болады. Патшалықта
ол бәрін бірдей ести алмайды, от басында ол бәрін бірдей көре алмайды. Мен
өлген соң, сонымен Си Пэнте сеніп тапсыруға болады.
Алайда, бұл Гуань Чжун Баошуды кемсітті дегенді білдірмейді, (Гуань Чжунның) оны
кемсіттіруі мүмкін емес; (Гуань Чжунь) Си Пэнге рақым етті дегенді білдірмейді, (Гуань
Чжунның) оған рақымсыздық етпей алмады. Соңында соны кемсітуі мүмкін, басында
кімге рақым етілсе, кімге басында рақым етсе, соны соңында кемсітуі мүмкін. Рақым ету
мен кемсітудің орнын ауыстыру бізге байланысты емес.
Қос мүмкіндік туралы ілімді қолдана отырып, Дэн Си сан жетпейтін жорамалдар жасады.
Цзычань істі басқарған кезде, (Дэн Си) бамбук тақтайшаға жазып заң жасады, ал Чжэн
патшалығында оны қолдана бастады. (Дэн Си) Цзычанды нашар басқарғаны үшін бірнеше
рет жазғырды. Цзычань болса отан бағынды. (Алайда) Цзычань Дэн Сиді ұстап алып, оны
масқаралады және кенеттен жазалады. Бірақ, бұл Цзычань бамбук тақтайшадағы заңды
қолдануға қабілетті болды дегенді білдірмейді, ол оны қолданбауы мүмкін емес; бұл Дэн
Си Цзычанды бағындыруға қабілетті болды дегенді білдірмейді, (Дэн Сидің) оны
бағындырмауы мүмкін емес; бұл Цзычань Дэн Сиді жазалауға қабілетті болды дегенді
білдірмейді, (оның) Дэн Сиді жазаламауы мүмкін емес еді.
Өмір сүруге мүмкіндік бар кезде туылу, ол табиғаттан берілетін бақыт; өлуге мүмкіндік
болған кезде өлу, ол табиғаттан берілетін бақыт. Өмір сүруге мүмкіндік бар кезде
туылмау, ол табиғаттан берілетін жаза; өлуге мүмкіндік болған кезде өлмеу, ол табиғаттан
берілетін жаза. Өмір сүруге мүмкіндік бар кезде өмір сүре алатындар болады, өлуге
мүмкіндік болған кезде, өле алатындар болады; бірақ өмір сүруге мүмкіндік жоқ кезде,
өмір сүретіндер немесе өлуге мүмкіндік жоқ кезде, өлетіндер де болады.
Алайда туылу мен өмір сүру, қартаю мен өлу заттарға және адамның өзіне байланысты
емес, ал ол тағдырдан, оларды тануға мүмкіндік жоқ. Сондықтан да айтылады:
Табиғаттың алыс, шексіз жолы өздігінен қалыптасады; табиғаттың бөлінбейтін
әділ жолы өздігінен қозғалады. Аспан да, жер де оны бұза алмайды; дана адам да,
білімді де оған қарсы тура алмайды; ата-баба рухы да, жын да оны алдай алмайды.
Табиғилық — олардың бәрін жоятын, оларды жасайтын, тыныштандыратын нәрсе;
олардың бәріне табиғилық әділ төрелік етеді, ол оларды жетелейді, қарсы алады.
Ян Чжудың жолдасы Цзи Лян ауырып қалады және жетінші күні оның науқасы күшейе
түседі. Ұлдары жылап, оны қоршап, айналасына жиналады. Емшіні шақырады.
Ұлдарым менің қандай ақылсыз,— деп, Цзи Лян өзінің жолдасы Ян Чжуға айтады.
Оларға ұқтыру үшін менің орныма он айтып бермейсің бе?
Ян Чжу әндете жөнеледі:
Табиғат білмейтінді
Адам қайдан білсін?
Аспан ештеңемен көмектесе алмайды,
А жасандық жасай алмайды.
Бұл әлемде тек біз екеуміз ғана білетінді,
Емші қайдан білсін,
Тәуіп қайдан білсін?!