Page 259 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

259
Баошу Я Гуань Чжунды қала сыртындағы елді мекенде кездестіреді және оны құрсаудан
босатады. Хуаньгун оны барлық этикет қағидаларын сақтай отырып қабылдайды және Гао
ме Го руынан да жоғары қояды. Баошу Я одан төмен турды. Гуань Чжунге патшалықты
басқаруды ұсынады және оған Әке Чжун деген титул сыйлайды. Көп кешікпей Хуаньгун
гегемон болады. Бірде Гуань Чжун күрсіне сөйледі:
Мен жас кезімде сәтсіздіктерге ұшырадым, ауыр халде болып, Баошумен бірге
сауда жасадым. Үлес бөлісуде өзіме көбірек алдым, бірақ менің кедей екенімді
біле тұра Баошу мені ашкөз деп есептемеді, өйткені жақсы да, жаман да уақыттың
болатынын білді. Мен үш рет патшаға қызмет еттім және үш рет қуылдым, бірақ
Баошу менің әлі жолымның болмағанын біле тұра мені жарамсыз деп ойламады.
Мен үш рет шайқастым және үш рет қаштым, бірақ Баошу мені қорқақ деп
айтпады, өйткені менің шешемнің кәрі екенін білетін. Ханзада Цзю жеңіліп қалған
кезде Шао Ху оның артынан жүріп, өлімге дейін барды, мен болсам масқаралықты
жамыла отырып, түрмеде жасырындым. Бірақ Баошу мені ұсақ-түйек
ұялтпайтынын тек менің атым Аспан астына жайылмасын деп қана ұялатынымды
біле тұра, мені ұятсыз деп есептемеді. Мені әкем мен анам дүниеге әкелді, ал мені
тек Баошу ғана біледі.
Әлемге өздерінің тамаша татулығымен даңқы шыққан, Гуань мен Баошу, міне қандай!
Өзіне қабілеттілерді тарта білетін мүмкіндігімен даңқы шыққан Сяобо, міне қандай!
Алайда, шын мәнісінде, оларда аса бір тамаша татулық болмады, шын мәнісінде Сяобода
дарындыларды езіне тартатын қабілет болмады. Олардың арасындағы шын мәнісіндегі
тамаша татулықтың болмауы одан да өтетін мықты татулықтың болатынын білдірмейді;
шын мәнісінде Сяобода қабілеттілерді өзіне тартатын ептіліктің болмауы қабілеттілерді
өзіне тартатын одан да өтетін ептіліктің болатынын білдірмейді. Бұл Шао Ху өзін-өзі
өлтіруге қабілетті болды дегенді білдірмейді, ол өзін-өзі өлтірмеуі мүмкін емес еді; бұл
Баошу дарындыларды ұсынуға қабілетті болды дегенді білдірмейді, оның дарындыларды
ұсынбауы мүмкін емес еді; бүл Сяобо жауды өзіне қаратуға қабілетті болды дегенді
білдірмейді. Ол жауды өзіне тартпауы мүмкін емес еді.
Гуань Чжун сырқаттанып қалған кезде Сяобо оған сұрақ қояды:
Бүкпей-ақ айтуға бола ма? Әке Чжун, сіздің науқасыңыз қауіпті емес пе. Егер
сіздің науқасыңыз қиындайтын болса, патшалықты кімге сеніп тапсырамыз?
Кімге тапсырайын деп едіңіз, тақсыр? — деп сұрайды Гуань Чжун.
Баошуға бола ма?
Болмайды! Ол — тамаша, таза әрі әділ адам. Бірақ ол басқаның бәрін өзімен
өлшейді, ал өзін басқамен өлшемейді. Біреудің қателігін бір рет еститін болса, оны
өмір бойы ұмытпайды. Егер патшалықты басқаруды оған сеніп тапсыратын
болсақ, онда жоғары жақта — әкімді шатастырады, ал төменде — халқына
тайталасуда ашынады. Аз уақыт өткен соң, ол патшалыққа қарсы әрекет жасайды.
Енді кімге болады? —деп сұрайды Сяобо.
Мен кеткен соң, Си Пэнге сенуге болады. Ол сондай адам, жоғарыдағылар ол
туралы ұмытады, ал төмендегілер оны сатпайды. Сары ата текке ұқсамағанына өзі
өкінеді, бірақ өзінен де нашарларға қайғырады. Кім өзінің ізгілігін халыққа
аударатын болса, ол дана деп аталады; кім өзінің байлығынан халыққа бөліп
беретін болса, ол ақылды деп аталады. Кім даналықпен адамдарға аяушылық
көрсететін болса, онда халықты ешқашан баурап ала алмайды; кім ақылмен