Page 25 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

25
Кена-упанишада, I.
(Брахман — адам өмірінің қайнар көзі)
1. Кіммен өзгеретін және қозатын ой елестейді? Алғашқы тынысты кім береді? Сөйлейтін
сөзді кім дарытады? Құдайлардың қайсысы көз бен есітуді жаратты?
2. Даналар нағыз есіткеннің естісіне, ойдың түйініне, сөздің уәжіне, тыныстың
тығырығына, көздің көрегендігіне оралады да, бүл өмірде өшпес із қалдырады.
3. Кімге көз түспесе, оған соз де, ой да өтпейді, кімді көрмесек, түсінбесек, оны бұған
қалай үйретуге болады.
4. Ол (Брахман — Ж.М.) танығаннан тіптен бөлек, тіпті танымағаннан жоғары. Мұны
бізге айтып кеткен бұрынғылардан білеміз.
5. Сөзде не айтылған нәрсе, әйтпесе бұл (дүниеде) құрметтейтін нәрсе емес, сөзді немен
айтылатын нәрсе, сол ғана, Брахман екенін білгін.
6. Оймен не ойлайтын, әйтпесе бұл (дүниеде) құрметтейтін нәрсе емес, ойды немен
айтқызатын нәрсе, сол ғана, Брахман екенін білгін.
7. Көзбен көрген нәрсе, әйтпесе бұл (дүниеде) құрметтейтін нәрсе емес, көзбен нені
көретін нәрсе, сол ғана, Брахман екенін білгін.
8. Құлақпен есіткен нәрсе, әйтпесе бұл (дүниеде) құрметтейтін нәрсе емес, құлақпен нені
есітетін нәрсе, сол ғана, Брахман екенін білгін.
9. Тынысымен дем алған нәрсе, әйтпесе бұл (дүниеде) құрметтейтін нәрсе емес, тыныспен
нені тыныстайтын нәрсе, сол ғана, Брахман екенін білгін.
Мундака-упанишада
1,1
(Білімнің екі түрі)
1. Брахма құдайлардың арасында дүниені жаратушы және қорғаушысы ретінде бірінші
пайда болды. Ол өзінің Брахман туралы білгенін үлкен баласы Атхарванға барлық
білімнің арқауы ретінде түсіндіреді.
2. Брахма Атхарванға үйреткен Брахман туралы білімін алғашында Ангирасқа мирас
етеді. Ангирас білімді Бхарадваджидің баласы Сатьявахқа қалдырады. Бхарадваджидің
баласы Анигирасқа (білімнің) жоғары және төменгі түрін (жеткізеді).
3. Шаунака үлкен үйдің иесі ретінде Ангирасқа жақындап, одан сұрайды: "Мырза, мұның
бәрі нені танудың барысында танылды?"
4. Анау оған былай жауап берді: "Брахманды білушілер айтпақшы, білімнің екі (түрін) —
жоғарғы және төменгі үзіндісін танып-білу керек.
5. Төменгі таяз (білім) дегеніміз Ригведа, Яджурведа, Самаведа, Атхарваведа, сөздің
дыбысы туралы ілім, рәсім жораны сипаттамалау, өлең құрастыру және жұлдыз жорамал.
Жоғары дегеніміз тұрақтылықты танытатын білім.
6. Көрінбейтін, сезілмейтін, тегіде, варнасы да, көзі де, есітетін мүшесі де, аяғы да, қолы
да жоқ, мәңгі, бәріне енетін, бәрінде кезігетін жұқа да жіңішке нәзіктердің бәрінде
өзгермейтін тұрақты дейміз. Даналар одан (барлық) нәрселердің қайнар көзін көреді.
7. Өрмекші жіңішкелеп өретін шырмауық та және өзіне жинайтын өрмегі де, жерден өскен
өсімдіктер де, адамның басында (өсетін) шаяндар да, дүниедегі мұның бәрі де
тұрақтылықтан құралады.
8. Брахман тапас арқылы ұлғаяды. Содан тамақ туындайды, тамақтан — тыныс,
(тыныстан) — ой, (ойдан) — ақиқат, (ақиқаттан) — дүниелер, ал қимыл-әрекеттен —
шексіздік туындайды. 9. Бұл Брахман, атау, келбет және тамақ кім бәріне қанық және
бәрін білетін, оның тапасы білімнің жетілуіне мүмкіндік ашатын болса, содан туындайды.
Мундака-упанишада II, I.