Page 258 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

258
Сен тағдырдың айырмашылығы туралы айтқан кезде, тек дарын мен ізгіліктің
айырмашылығы туралы ғана ойлайсың. Менің айтып отырғаным басқа тұрғыдағы
айырмашылық. Солтүстік үйдің мекендеушісіне ізгілік берілген, бірақ тағдырдан құры
қалдырған; ал саған тағдыр берген, бірақ ізгіліктен мақрұм қалдырған. Сенің жолыңның
болғыштығы ақылмен қол жеткізген нәрсе емес, Солтүстік үйдің мекендеушісінің
сәтсіздігі, ол — ақылсыздың кемшілігі емес. Оның бәрі табиғатқа байланысты, ал адамға
байланысты емес. Сенің мақтанышың саған тағдыр аямай сыйлағанында, сол сияқты
Солтүстік үйдің мекендеушісінің ұяттылығы оған аямай ізгілік бергенінде, оның өзі
сендердің екеуіңнің де табиғи заңды білмейтіндіктеріңді білдіреді.
Тоқта, Бұрын туылған!— деп, Батыс қақпа жанында Тұрушы айқай салды. —
Менің, ендігәрі мұндай деп айтуға батылым бармайды!
Үйіне қайтып келіп, Солтүстік үйдің Мекендеушісі өзінің тұрпайы шапанын кие бастады,
ол түлкінің (терісі) немесе жаннат сияқты жып-жылы; ірі бұршақ бар, олардың дәмі таза
дәндікі сияқты; үлкен үйді паналағандай төбесі жусанмен жабылған өзінің лашығына
жайғасады; тура ою-өрнекпен әшекейлеген күймеде отырғандай болып, өзінің тоқыма
арбасымен жүреді. Өмірінің соңына дейін кімді ардақтап, ал кімді масқаралап жатқаннан
бейхабар болып, қанағаттықпен қалады.
Шығыс Қала түбіндегі елді мекеннен келген Бұрын туылған ол туралы естіп, былай дейді:
Солтүстік үйдің Мекендеушісі ұзақ ұйықтайтын, бірақ бір сөзден – ақ оянатын да
қайғы-қасіреттен сейіле алатын.
Гуань Чжун мен Баошу Я жақын жолдас болған және Циде (екеуі) бірге тұрған. Гуань
Чжун Цзю ханзадаға қызмет етті, ал Баошу Я Сяобо ханзадаға қызмет етті. Патша Цидің
коп әйелі болған. Бірінші әйелінің ұлдары мен оның руындағы тұтқын әйелдер тең болып
есептеледі өрі патшалықтың адамдары өзара тартыстан қорықты. Гуань Чжун және Шао
Ху өздері қызмет еткен ханзада Цзюмен бірге Луга қашады; Баошу өзі қызмет еткен
Сяобо ханзадамен бірге Цзюй (патшалығына) қашады. Патша немересі Учжи бүлік
көтерген кезде Ци патшасыз еді, екі ханзада (билік үшін) күреске түседі.
Цзюй (патшалығының) жолында Сяобомен соғысып жүріп, Гуань Чжун садақпен оның
белбеуінің түймелігіне оқ тигізеді.
Сяобо таққа отырысымен Луды қорқыта бастайды және сонда ханзада Цзюйді өлтіреді.
Шао Ху осы үшін өзін-өзі өлтіреді, ал Гуань Чжун түрмеге жабылады.
Баошу Я Хуаньгунге айтады:
Гуань Чжун патшалықты басқаруға қабілетті.
Ол менің жауым. Оны жазаға тартқым келеді,— деп жауап береді Хуаньгун.
Мен дана мырзаларда жеке бас кегі болмайды деп естідім. Иә, оның үстіне өзін-өзі
басқаруға қабілетті адам болса, әрине, басқаларға да үстемдік етуге қабілетті. Егер
гегемон боламын дейтін болсаңыз оны Чжунсыз жасай алмайсыз. Оны босату
керек.
Патша Гуань Чжунды шақырып алады және Лy патшалығының адамдары оны Циге
қайтарады.