Page 257 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

257
Тағдыр болып аталғаныммен мен біреулерді басқарыппын ба? Мен тураларды
(оңдарды) теріске шығарып, ал қисықтарды (дұрыс еместерді) қорғап-қоршап
жатыппын ба? Олар ұзақ өмір сүрсе, өздігінен сүреді немесе өмірі қысқа болса,
өздігінен болады; бақытсыздық та немесе бақытты да өздігінен болды; атақты
өздігінен — атақты немесе атақсыз өздігінен — атақсыз; бай да өздігінен — бай
немесе кедей де өздігінен — кедей. Мен ол туралы біле алам ба? Мен ол туралы
біле алам ба?
Солтүстік үйді мекендеуші Батыс қақпаның жанында Тұрушыдан сұрайды:
Ізгіліктілік жағынан менен асып түсемін деп ойлайсың ба сен өзің? Сені мен біз бір
буынның (адамы) емес пе едік, ал елдер саған көмектеседі; бір рудікіміз, ал елдер
сені сыйлайды; бет пішініміз бірдей, ал елдер сені жақсы көреді; бірдей соз
айтамыз, ал халық сені тыңдайды; ісіміз бірдей, ал халық сатан сенеді; бірдей
қызмет етеміз, ал халық сені төбесіне көтереді; бірдей егін шаруашылығымен
айналысамыз, ал халық сені байытады; бірге сатамыз, ал пайда саған қалады.
Мен тұрпайы шапан киемін, өңделмеген тары жеймін, жусанмен жабылған лашықта
тұрамын, жаяу жүремін. Сенің кигенің өрнегі бар парша, жегенің ақталған тары мен ет,
ағашпен жабылған үйде тұрасың, төрт ат жегілген арбамен жүресің. Өз үйіндегі тойда
мені жаратпайсың; патша сарайында маған ашықтан-ашық тәкаппарлықпен қарайсың. Біз
бір-бірімізді шақырыспағанымызға және бірге серуенге шықпағанымызға көп жылдар
болды. – Мәселенің неде екенін мен өзім де білмеймін,— деп Батыс қақпасының жанында
Тұратын (адам) жауап береді.
Сен қандай әрекет жасамасаң да, бақытсыздыққа ұшырайсың; мен қандай әрекет жасасам
да, жетістікке жетемін. Мұның өзі бақытты жөне бақытсыз тағдырды айтып тұрған жоқ
па? Өзіңді менімен теңестіргенің (сен тұрғысынан) ол ұятсыздық!
Солтүстік үйді мекендеушінің айтатын жауабы болмады және ол өзін-өзі жоғалтқандай
болып, өз үйіне кетті. Жолда Шығыс қала түбіндегі елді мекеннен келген Бұрын
туылғанмен кездеседі және Бұрын туылған одан сұрайды:
Сен қайда бардың және қайдан келе жатырсың? Неге бүгіңкі келесің және
қандайда бір қатты ұялтып тастаған адамға ұқсайсың?
Солтүстік үйді мекендеуші оған барлық болған жағдай туралы айтады.
Менімен оған қайта жүр және мен сені ұяттан арылтамын.
Маған айтшы, неге сен Солтүстік үйді Мекендеушіні шиша қатыгездікпен
қорлайсың? — деп, Шығыс қақпа жағында тұратыннан Бұрын туылған сұрайды.
Солтүстік үйді Мекендеуші менімен заманы мен руы бір, жасы мен сыртқы бет-
бейнесі, сөзі мен ісі бірдей, бірақ мен сияқты атағы мен байлығы бар адамнан ол
жағдайының төмендігімен және кедейлігімен ерекшеленеді деп айтады. Мен оған
істің неде екенін мен өзім білмеймін дедім. Сен қандай әрекет жасамасаң да
бақытсыздыққа ұшырайсың, мен не істемесем де, жетістікке жетемін. Мұның өзі
бақытты және бақытсыз тағдырды айтып тұрған жоқ па? Өзіңді менімен
кеңестіргенің (сен тұрғысынан алғанда) ол — ұятсыздық!