256
Осы жерде Айнымас мұндай семсермен адамды өлтіре алмайтынын түсініп, ауыр күрсіне
үйіне кетеді. Қара Жұмыртқа оянып, өз әйеліне ашуланады:
—
Мені, мас адамды, ештеңе жамылмаған күйде қалдырдың. Міне, менің тамағым
ауырады, белім қақсайды!
Оның ұлы былай дейді:
—
Қазір тана Айнымас келді, менімен қақпада кездесті, маған үш рет қол сілтеді,
менің де сол сияқты бүкіл денем ауырды, ал аяқ-қолым жансызданды. Ол бізді
қайғы-қасіретке душар етті!
Чжоу патшасы My Батыс әсеріне жорыққа кетеді. Батыс әскерлері оған темірден қанжар
жөне отта жуылатын кенеп сыйға береді. Қанжардың ұзындығы бір чи және сегіз цунь,
жүзі қызыл шындалған шыр болаттан, нефритті дәл батпақ кескендей кеседі. Отта
жуылатын кенепті жуу үшін отқа тастайды. Кенеп оттың түсіне боялады, ал оның кірінің
түсі — кенептің түсі. Оттан суырып алып оны сілкісе, ол қар сияқты аппақ болады.
Хуан цзы ондай зат жоқ, ал олар туралы әңгіме — ол сандырақ деп есептейді. Сяо Шу
айтады:
—
Хуан цзы өзіне қандай сенімді! Жалған дәлелдерге қалай барады!
6. Тарау.
Күш пен тағдыр
—
Сенің қызметің менікімен тең келе ала ма екен? —деп, Күш Тағдырдың алдында
мақтанады.
—
Заттардың алдындағы сенің қызметің қандай және менікімен қалай теңесе
алады?— деп, сұрайды Тағдыр.
—
Мен, Күш, ұзақ өмір сүруге немесе қысқа өмірге, жетістікке немесе сәтсіздікке,
жағдайдың жоғары немесе темен болуына, байлыққа немесе кедейлікке ықпал
жасаймын.
—
Пын Цзу ақылы жағынан Ұлы Мәртебелі және Қорғанушыдан асып түседі, ал сегіз
жүз жыл өмір сүреді;
Янь Юань асқан дарынды болады, бірақ қырық сегіз жас қана өмір сүреді. Кун Фу-цзы
ізгіліктігі жатынан өкімдерден кем түспейді, ал Чэнь және Цай патшалығында
ауыртпалық шекті болды; иньдік патша Рақымсыз өзінің іс-әрекетінде үш қайрымдыдан
аспайды, бірақ патша тағында отырған; Цзи Чжа У патшалығында лауазымсыз қалады;
Тянь Хэн Ци патшалығын жаулап алады; Үлкен нағашы аға Тегіс пен Кіші нағашы аға
Тең Бірінші күн тауында аштан өледі; Цзиши Цзи Под Ивога қарағанда байырақ болды.
Егер осының бәрі саған байланысты болса, онда неге біреудің өмірі ұзақ, басқаларынікі —
қысқа, даналар бақытсыздыққа душар болады, ал бүлікшілер табыстан табысқа жетеді,
дарындылардың жағдайы төмен, ал ақымақтардың жағдайы жоғары болады,
қайырымдылар кедейленеді, ал мейірімсіздер бай болады?
—
Сенің сөзіңе қарағанда, заттардың алдында менің шын мәнісінде ешқандай
қызметім жоқ. Бірақ осы заттардың осындай болуы оларды сен басқарғандықтан
емес пе екен?