Page 255 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

255
Қара Жұмыртқа болса, қайсарлығы әрі ер жүректілігімен барлығынан асып тусті,
жүздеген ерлерге күшпен қарсы тұрды, буындары мен сүйегінің, бұлшық еттері мен
терісінің мықтылығы сонша, адамға ұқсамады: созыңқы мойнымен доптың екпінін, жалаң
төсімен жебені қайтарды. Жебенің ұшы мен жүзі майысты да сынды, ал денесінде не
сызат не тыртық та қалмады. Өзінің күшін білген ол, Айнымасқа балапанға қарағандай көз
тастады.
Сенің не істейтін ойың бар?— деп Айнымастан досы, Ақылшы Шэнь сұрады. —
Намысың аяққа тапталып түр, ал ол сені менсініп те тұрған жоқ.
Сенің ақыл-кеңес бергеніңді қалаймын,— деп жауап берді көз жасын төккен
Айнымас.
Ұлы Кәмілдің арғы тегі Вэй патшалығынан иньдік патшаның асыл семсерін тапты
деп естігенмін. Ондай семсермен бір ересек бала үш әскерге тойтарыс беруге
қабілетті. Одан сол семсерді неге сұрамасқа? —дейді Ақылшы.
Айнымас Вэйге аттанады да ұлы Көміл мен кездеседі. Оған тура құл - арбакешіне тағзым
етеді. Сыйлыққа әйелі мен балаларын қабыл алуын сұрайды, ал сонан соң өзінің өтінішін
айтады.
Менде семсер — үшеу, кез-келгенін таңда,— деп ұлы Кәміл жауап береді. — Бірақ,
олардың бір де біреуімен адам өлтіруге болмайды. Алдымен саған солар туралы
айтайын. Біріншісі — Балқитын жарық деп аталады. Оған қарасаң оны көрмейсің,
онымен сілтейтін болсаң, оның бір нәрсеге тигенін не тимегенін де білмейсің;
мөлдір, қыры да жоқ, денені қақ бөледі, бірақ дене еш нәрсе сезбейді. Екіншісі —
Қабылдаған көлеңке деп аталады. Егер оған таң алдындағы қараңғының таң
арайына ауысу шағында немесе күннің түнге ауысу кезіндегі ала көлеңкеде
солтүстік жағынан сән салып қарайтын болсаң, бір нәрсе көресің, бірақ тұрпатын
айыра алмайсың. Егер біреу-міреуді жанай кетсе, естілер-естілмес сыбыс береді,
бірақ дене ауырғанды сезбейді. Үшіншісі — түнмен Шыныққан деп аталады.
Күндізгі жарықта оның көлеңкесі көрінеді, жарқылы көрінбейді; түнде ол
жарқылдайды, бірақ тұрпаты көрінбейді. Денеге тисе, оны тарсылмен қиып түседі,
бірақ жарасы бірден – ақ жазылады, тек ауырғаны қалады, жүзіне қан жұқпайды.
Бүл үш асыл қазына біздің тұқымымыздың он үш ұрпағына өтіп келе жатыр, бірақ
қолданылмаған. Қобдишада тығулы жатқан, тіпті, мөрі де алынбаған.
Сонда да мен сізден соңғы нәрсені сұрамақпын,— деді Айнымас.
Осы жерде ұлық Кәміл оған әйелі мен балаларын қайтарады, онымен бірге жеті күн ораза
ұстайды да кешкі шапақ пен түнгі қараңғының арасында тізерлеп отырып, оған түнде
Шындалған семсерді табыс етеді. Айнымас оны қабылдады, екі рет тағзым етті де, үйіне
қайтып оралады.
Міне, сонда Айнымас семсермен Қара Жұмыртқаға аттанады. Ол дәл сол кезде мас болып,
шалқасынан түсіп, терезенің түбінде жатқан еді. Айнымас оны мойнынан бастап, беліне
дейін үшке бөліп шауып тастайды, бірақ Қара жұмыртқа оянбайды. Ол өлді деп ойлап,
Айнымас кетуге асығады, бірақ қақпаның қасында Қара Жұмыртқаның ұлын кездестіреді
де, ауаны тілгендей үш рет оны да шабады. Қара Жұмыртқаның ұлы қарқылдап күледі де,
сұрайды:
Сонша сен неге ақымақтықпен маған үш рет қол сілтедің?