254
үш жыл бойы еш нәрсе түсіндірмейді. Цзаоның әкесі ұстазға одан сайын құрмет көрсете
бастайды, ол ақыр соңында онымен сөйлеседі:
—
Көне әндерде былайша айтылатын тұстар бар:
Жақсы садақшының баласы,
Алдымен кәрзеңке тоқуы керек.
Жақсы құюшының баласы,
Алдымен тон тігуі керек.
Сен алдымен мен қалай жүгіремін, соған қара. Мен сияқты жүгіретін болсаң, сонда алты
пар божы тоқитын боласың, алты пар атты игеретін боласың.
—
Тек бұйрығыңызға бағынатын боламын,— деп, жауап береді Цзаоның әкесі.
Осы жерде Ұлық Боб жол жасайды: бір-бірінен ара қашықтығы бір қадам болатын және
адамның табаны сыятындай бағаналарды орнатады. Соның үстімен жүре бастайды, не
тайғанамай, не құламай әрілі-берілі жүгіре бастайды. Цзаоның әкесі оған үйрене бастайды
және үш күннің ішінде оны игереді.
—
Қалай сен ұғым талсың! Қалай тез бәрін үйрендің! — деп, демін ішіне тарта айтады
Ұлық Боб.
Арбакеш осылайша жасайды. Сен бағаналардың үстімен жүрген кезде, аяқпен жұмыс
істеу өнерін игердің және отан жүрекпен (ақылмен) қарадың. Осыны арба айдауға да
қолдан. Божының ауыздықпен түйіскен жерін дұрыс ұста, аттың ернінің бұрышына тию,
тимеуіне қарай оларды тартып немесе босатып отыр. Өз ішінде ойды дұрыс шамалап,
қолыңмен ырғақты сезіп отыр. Егер іштей еркінді билейтін болсаң, онда сырттай аттардың
қалауын тауып отыруға үйренесің. Сонда тана керулі арқанның бойымен жібергендей,
аттарды алдыға жібере немесе артқа шегіндіре аласың, бұрыш өлшеуіш және циркуль
сияқты бұрылыстарды жасай аласың немесе шыр көбелек айландыра аласың және
аттардың күші кез-келген ең ұзақ жолға жүруге артығымен жетеді. Міне, бұл нағыз
шеберлік. Ауыздықты игеру шеберлігіне қол жеткізген соң, шылбырды сәйкестікке келтір;
шылбырды басқару шеберлігін игерген соң, қолдарыңды сәйкестікке келтір; қолдарың
шеберлікті игерген соң ойларыңды сәйкестікке келтір. Міне, сонда көзіңмен де
қадалмауына, қамшы да салмауыңа болады. Жеңіл сезіммен тік тұратын боласың, алты
пар божы бір-бірімен шатаспайды және жиырма торт тұяқтың тарсылы біркелкі болады,
алдыға, артқа жүргендегі, бұрылғандағы және шыр айналғандағы қозғалыс та мүлдем дәл
болады. Сонан соң ғана сенің арбаң дөңгелек сиятын жердің, аттың тұяғына орын бар
жердің бәрінен өте алатын болады. Міне, сонда кез-келген жермен жүру сен үшін бәрі
бірдей болады, тік жартасты да, тар шатқалды да, батпақты да, тегіс жерді де білмейтін
боласың. Міне, осымен менің өнерім бітеді, ал сен оны игердің.
Қара жұмыртқа Вэй құпия өшпенділіктің әсерінен Цю Анықты өлтіреді, ал Анықтың ұлы
— Айнымас одан кек алуды ойлайды. Айнымастың рухы өте күшті, бірақ денесі өте әлсіз
еді: бір талдап жейді, желдің ығымен ғана жүреді. Тіпті ашу үстінде де кек алу үшін
қаруды көтере алмады. Өзгенің көмегіне сүйенуге ұялған ол, оз қолымен Қара
Жұмыртқаның сазайын тартқызуға ант етеді.