Page 253 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

253
өнері туралы естіді де, ол туралы екі философқа да хабарлаған кезде, олар өздерінің
өмірінің соңына дейін шеберлік туралы тіс жарып ештеңе айтпайтын болсын және тек
циркуль мен тіктеуішті ұстанатын болсын делінеді.
Гань Ин қартайған шағында тамаша мерген болады. Тек садақты тартса болды андар
жапырылады, ал құстар құлдырап жерге түседі. Жылдым Вэй Гань Иннен үйренеді және
шеберлігі жағынан өзінің тәрбиешісінен асып түседі. Цзи Чан Жылдым Вэйге үйренуге
келеді.
Алдымен көзіңді жыпылықтатпауға үйрен, ал ату туралы сонан соң сөйлесеміз,—
дейді оған Жылдым Вэй.
Цзи Чан үйіне қайтып келіп, әйелінің тоқыма станогының астына жатады да, тоқыма
қалақшысының ерсілі-қарсылы қалай қозғалатынына қарай бастайды. Екі жылдан кейін ол
тіпті көзінің бұрышына біздің ұшын тигізсе де, көзін жыпылықтатпайтын болады.
Цзи Чан бұл туралы Жылдым Вэйге баяндайды, ал ол былай дейді:
Ол олі жеткіліксіз. Енді тағы да қарауды үйрен, ал сонан соң атуға болады.
Кішкентайды көруге, үлкенді дәл көруге, бұлдырап тұрғанды көруге, анықты дәл
көруге үйрен, ал сонан соң маған айтасың.
Чан аттың қылына байланған битті терезеге іліп, бетін оңтүстікке бұрып, оған қарай
бастайды. Он күннен кейін бит оның көз алдында ұлғая бастайды, ал үш жылдан кейін
арбаның дөңгелегіңдей болып көріне бастайды, барлық басқа заттардың көлемі де оған
жотаның немесе таудың көлеміндей болып көріне бастайды. Янь патшалығы андарының
мүйізінен жасалған жебені цзин патшалығы бамбугінен жасалған садақпен атады да,
қылды үзбей биттің жүрегін тесіп өтеді.
Ол туралы Жылдым Вэйге баяндайды. Жылдым Вэй кеудесін қағып, аяғымен жерді теуіп
айқайлап жібереді:
Сен өнерді игердің!
Сонда Цзи Чан бүкіл Аспан астында ол үшін тек жалғыз ғана бәсекелесі қалғанын түсінеді
де, Жылдым Вэйді өлтіруді ойлайды.
Олар иен далада кездеседі де, бір-бірімен атыса бастайды. Олардың жебесі орта жолда
ұшымен екеуі қақтығысып жерге түседі, бірақ шаң көтерілмейді. Жылдым Вэйдің жебесі
таусылады, ал Цзи Чанның тағы бір жебесі қалады. Ол оны атады, сол кезде Жылдым Вэй
жебені бұтаның тікенімен дәл тигізіп, атып түсіреді.
Осы жерде екі шебердің екеуі де жылап жібереді, садақтарын шетке лақтырып тастап,
бастарын жерге жеткізе иіліп, бір-біріне құрмет көрсетеді және бір-біріне әке мен бала
болуды өтінеді. Әрқайсысы қолдарын кесіп, өз шеберліктерін бұдан кейін ешкімге
бермеске қанмен ант беріп серттеседі.
Цзао әкесінің ұстазын Ұлық Боб деп атады. Цзаоның әкесі оған арба айдауды үйренуге
келген кезде ол әдет-ғұрып бойынша өзін өте қарапайым ұстайды. Ұлық Боб болса оған