252
қолына алып, ойнай бастайды. Ұзақ нөсерлеп жауған жаңбыр туралы өннен бастайды,
сонан соң таудың опырылып құлағаны туралы әуен шығарады. Чжун Цзыци бірінші
тактіден-ақ оның ойын түсінеді. Цинді қойып, Боя күрсіне былай дейді:
—
Тамаша! Тамаша! Сен менің ойымды менің өз жүрегім сияқты сезесің. Менің
әндерімде сенен бір нәрсе жасырынып қалатын ба еді.
Чжоулық патша My қысқы аң аулау кезінде батысты айналып шытып Үлкен Ағайындылар
Одағы тауынан асып өтеді де, Янь тауына жетпей, кері бұрылады. Жолда оған Бүкіш ұста
есімді дана қолөнерші кездескеннен кейін, ол Ортаңғы патшалыққа соғып үлгермейді.
—
Сенің неменеге қабілетің бар? —деп сұрайды патша, қабылдағаннан соң.
—
Мені, өзіңіздің қызметшіңізді, сынау үшін тек бұйрық беріңіз,— деп, жауап береді
ұста.
Бірақ, тақсыр алдымен, сіздің қызметшіңіз не жасады соны көргенін қалаймын.
—
Ертең өзіңмен бірге алып кел, біз сенімен бірге көреміз,— деп бұйырды Муван.
Келесі күні Бүкіш ұста тақсырға келеді. Оны қабылдап отырып, Муван сұрайды:
—
Сенімен бірге келген мынау кім?
—
Сіздің қызметшіңіз жасаған Әртіс,— деп жауап береді ұста.
Муван әртіске таңырқап қарайды: ол ұстаның артынан еріп, адымдап басып жүреді, басын
жоғары, төмен көтереді.Шебер оның жағына қолын тигізіп еді, әртіс ырғақпен ән айта
бастады; қолынан ұстап еді — ол ритммен билей бастады; кез-келген сұранысқа
байланысты ыңғайға көніп, мың құбылды, мың өзгерді. Тақсыр оны шын адам деп
қабылдады. Тақсырмен Шэнь Цзи және бүкіл гарем адамдары қатар тұрып көріністі
қызықтады.
Әртіс соңында патшаның айналасындағыларға көзін қысып, оларды өзіне ымдап
шақырады. Қатты ызамен тақсыр ұстаға Бүкішті сол жерде жазалауды бұйырады. Ұста
қорқынышпен әртісті кесіп, бөлшектеп патшаға көрсетеді және оның теріден, ағаштан,
клеймен, лакпен жасалғанын әрі ақ, қара, қызыл және көк түспен боялғанын түсіндіреді.
Тақсыр бәрін мұқият тексереді де, бәрінің жасанды екеніне көзі жетеді: ішінде — бауыр,
өт, жүрек, өкпе, көк бауыр, бүйрек, ішек пен асқазан; сыртында — бұлшық еттер, сүйек,
буындары, мүшелері, терісі, тістері мен шашы — барлығы толық берілген.
Ұста бұрынғыдай бәрін қайта жинаған кезде патша қуыршақтың жүрегін суырып алып
көреді, сонда оның үні шықпай қалады; бауырын суырып алып көреді, сонда оның көзі
көрмей қалады; бүйрегін суырып алған кезде — аяқтары жүрмей қалады. Муван ішке
демін тартып, қайран қалады да айқайлап жібереді:
—
Адам өзінің өнерімен табиғат істей алатын жетістіктерге де қол жеткізуге болады
екен той!
Ол қуыршақты екінші арбата салуды және сонымен бірге қайтып келуді бұйырады. Гуншу
Бань өзінің бекініс сатысын және Мо Ди өзінің ұшатын лашынын шеберліктің ең жоғарғы
шегі деп атады емес пе. Олардың оқушылары Дунмын Цзя мен Цинь Гули Бүкіш ұстаның