Page 251 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

251
күннің сәулесі лаулай бастайды, қар ериді. Ең соңында біріншісін қалған төртеуімен бірге
қағады. Міне, сонда бақытты жел көтеріледі, қуанышты бұлттар қалқиды, тәтті шық
түседі, бастауларды суға толтырады.
Өзінің кеудесін сипап, аяғын таптай басып, тәрбиеші Сян былай дейді:
Сен қандай нәзік ойнайсың! Тәрбиеші Куан өзінің таза үшінші (көктемгі) ішегімен
де, Цзоу Янь өзінің сыбызғысымен де ештеңе қоса алмас еді. Біреуі өзінің цинін
алар еді, екіншісі — өзінің сыбызғысын алар еді, екеуі де сенің артыңнан ерер еді.
Се Тань ән айтуды Цинь Циннен үйренеді, үйге қайтуына байланысты Циннің шеберлігін
аяғына дейін әлі қабылдаған жоқ. Цинь Цин (оны) ұстамады, бірақ қала сыртындағы елді
мекендегі жолда шығарып салу (рәсімін) ұйымдастырды. (Мұнда), ырғағына (тактісіне)
келтіре отырып, ол сондай бір мұңмен он айтады, тіпті аташтар тітірей бастайды, қалқып
бара жатқан бұлттар кідіріп қалады.
Осы жерде Се Тань кешірім өтініп, қалуға рұқсат сұрай бастайды. (Ол) бұдан кейін өмір
бойы өзінің кететіні туралы айта алмайды. Өзінің жолдасына бұрылып Цинь Цин былай
дейді:
Ертеректерде Хань патшалығынан келген Э (әйел адам) Шығысқа қарай кетіп бара
жатады, ал Циде оның тамағы таусылады. Келісу Қақпасынан өтіп бара жатып, ол
(әйел) тамақ бергені үшін он айтады. Ол кеткеннен кейін де, оның даусы
басылмайды, үш күн тебе шатыры мен бөренелерді айналып жаңғырып тұрады да
қояды. Оң жақ, сол жақтағылардың (бәрі) ол (әйел) әлі кетпеді деп ойлайды.
Керуен сарайдың қасынан өтіп бара жатқан кезде керуен сарайлықтар оны (әйелді)
балағаттайды. Осы жерде Хань Э соза әрі аянышты еңіреп жылайды, айналасындағы кәрі
мен жас бір-біріне қарама-қарсы тұрып, көңілсізденіп, ренжиді де қатты жылайды. Үш
күн олар тамақ ішпейді, ал сонан соң кенеттен Хань Энің артынан қуа жөнеледі. Қайтып
келіп, Э қайтадан ұзақ он айтады, ал айналасындағы қоршаған кәрі мен жастар алдыңғы
уайымдарын ұмытып, қимылсыз секіріп, шапалақ соға және билей бастайды. Сонан соң
оны жақсы сыйлап, шығарып салады. Келісу Қақпасының қасында тұрғындардың бүгінге
дейін тамаша он айналатыны және жылайтыны, міне, содан қалған. Олар Энің қалдырған
әндеріне еліктейді.
Боя цинде керемет ойнайтын,ал Чжун Цзыци тамаша тыңдаушы болған еді. Биік таудың
басына шыққаны туралы былай отырып, Боя (цинде) ойнай бастайды, сонда Чжун Цзыци
айқайлап жібереді:
Қандай керемет! ұлы тау сияқты биік!
Судың ағыны туралы ойлай отырып, Боя ойнай бастайды, сонда Чжун Цзыци айқайлап
жібереді:
Қандай керемет! Өзен суы айдындай ұшы-қиырсыз!
Чжун Цзыци Бояның кез-келген түпкі ойын осылайша аңғарып отырды.
Ұлы таудың солтүстік ылдиын да адасып, олар кенеттен қатты жаңбырдың астында
қалады да жартастың астына барып тығылады. Бояның көңілін мұң басады, ол цинді