250
—
Бұрынғы науқасыңыз сіздің іш құрылысыңызға сырттан енген, сондықтан дәріден
және тас инеден жазылды.Енді сізбен бірге жаратылған және сіздің тәніңізбен бірге
өнген науқас қалды. Енді сонымен күресуге сіз қалай қарайсыз?
—
Алдымен, оның белгілері туралы естігіміз келіп еді,— деді екі науқас.
—
Дәрігер Гун Хуге қарап, сенде күшті ерік бар, ал өмір күшің (энергияң) әлсіз,—
деді. — Сондықтан сенің ойларың мықты, бірақ оларды іске асыруда әлсізсің. Ал
Ци Иннің,— нені жалғастырады Бянь Цяо,— еркі әлсіз, ал өмір күші (энергиясы)
мықты, сондықтан ол аз ойлайды және ырықсыздығымен өзіне зиян келтіреді. Егер
сіздердің жүректеріңізді бір біріңізге ауыстырса, онда екеуіңіздің бақытыңызға
қарай тепе-тендік қалыптасады.
Дереу Бянь Цяо екеуін ішіне у салған шарапқа тойғызады да, үш күнге бастарын
айландырып қояды. Екеуінің кеудесін қарып, жүректерін алады да, оларды бір-біріне
ауыстырып алады және оған ғажап дәрі қояды
.
Естерін жинағаннан кейін, екеуі де өздерін бұрынғыша сау адамдай сезінеді, қоштасып,
үйді-үйіне қайтады.
Міне, сонымен Гун Ху, әйелі оны мойындаудан бас тартқан Ци Иннің үйіне кетеді. Ал Ци
Ин болса, әйелі оны да мойындаудан бас тартқан Гун Худың үйіне кетеді. Олардың
отбасы бір-бірімен соттаса бастайды және олардың дау-жанжалын Бянь Цяоның анықтап
тексеруін сұрайды. Бянь Цяо істің қалай болған мән-жайын түсіндіреді және сонымен дау-
жанжал бітеді.
Ху Ба цинде (аспап) ойнасымен құстар билей бастайды, ал балықтар секіре бастайды. Бүл
туралы чжендік тәрбиеші Вэнь естіп, отбасын тастайды да тәрбиеші Сяннің артынан
жаһан кезуге кетеді. Вэнь ішекке қолын тигізіп, аспапты күйіне келтіреді, бірақ үш жыл
бойы бірде бір әнді бітірмейді.
—
Сен үйіңе қайта беруіңе болады,— дейді оған тәрбиеші Сян.
—
Тағы да уақыт беріңіз, не болатынын көресіз. Мәселе, менің аспапты күйіне
келтіруге, әнді жазуға қабілетсіздігімде емес,— деді Вэнь аспапты күрсіне, жерге
қоя бере. Мәселе мен (Вэнь) не туралы ойламайын, ол ішек болып, не нәрсеге
ұмтылмайын, ол дыбыс болып шықпайтынында. Қалағанымды іштей, жүректе
қажетсінбейінше, сыртқа шықпайды, яғни аспап арқылы көрініс таппайды.
Сондықтан қолымды ішекке тигізуге де, оны қозғауға да құқым жоқ.
Көп кешікпей ол тәрбиеші Сянмен тағы да жүз көріседі.
—
Сен цинмен қалайсың? —деп тәрбиеші Сян сұрайды.
—
Игердім,— деп жауап береді Вэнь,— мені сұрауыңызды өтінемін.
Көктем еді, ал ол екінші (күзгі) ішекті қатып қалып, қоңыр сегізінші айды шақырады.
Міне, сонда салқын жел соғады, дәнді дақылдар, ағаштағы жемістер пісіп жетіледі. Күз
түскен кезде, ол үшінші (көктемгі) ішекті қатып, қоңыр екінші айды шақырады. Міне,
сонда жылы самал қайта оралады, шөптер мен ағаштар гүлдейді. Жаз келген кезде, ол
бесінші (қысқы) ішекті қағып, қоңыр он бірінші айды шақырады. Міне, сонда қар жауа
бастайды, онымен бірге қырау түсе бастайды, өзен мен көлшіктер қатады. Қыс түскен
кезде, ол жазғы (төртінші) ішекті қағып, қоңыр бесінші айды шақырады. Міне, сонда