Page 249 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

249
кейін отын жинап, оларды өртейтін болса, сол құрметті ұл болып есептеледі. Жаққан
оттан жоғары көтерілген түтінді "шарықтап аспанға көтерілу" деп атайды. Оларда ең
жоғарғылар оны басқару, төменгілер — әдет-ғүрып деп есептейді және бұдан ешкім де
таңданбайды.
Шығыста жаһан кезіп жүріп Кун-фу-цзы сөз таластырып жатқан екі баланы байқап
қалады да, олардан не үшін дауласып жатқанын сұрайды.
Күн жаңадан шыққан кезде адамдарға жақын тұрады, ал күн дәл төбеге келгенде
адамнан алыстайды,— дейді бірінші бала. — Ал екіншісі, күн жаңадан шыққан
кезде адамнан алыс тұрады, ал күн дәл төбеге жеткенде жақындайды деп есептейді.
— Және оған қоса: — Күн жаңадан шыққан кезде, ол күймеге жабылған жабу
далда (балдахин) сияқты үлкен, ал дәл төбеде ол тарелка сияқты кішкентай. Зат
алыстап кішкентай, ал жақыннан үлкен болып көрінбейтін бе еді?!
Күн жаңадан шыққан кезде, ол салқын, ал аспан биігіне көтерілген кезде — қайнақ
судай күйдіреді,— дейді екінші бала. — Зат жақыннан ыстық, ал алыстан суық
болатым емес пе еді?! Кун-Фу-цзы сұрақты шеше алмады, ал екі бала оны мазақтап
күлді:
Кім сені көп біледі деп есептейді?!
Тепе-тендік — Аспан астының жоғарғы заңы — формасы бар заттарға қатысты. Салмағы
жағынан тең затты шашқа ілетін болса, шаш үзіледі, яғни тепе-тендіктің болмағаны. Тепе-
тендік жағдайда қарсы күштер үзе алмайды. Адамдар мұны дұрыс емес деп есептейді,
бірақ, әрине, оның дұрыс екенін түсінетін адамдар да бар.
Чжань Хэ жібек құртының бір ғана жібінен жасалған қармақ баумен, масақтың
қылқанынан жасалған ілмекпен, цзин бамбугінен жасалған қармақпен, кесілген жарты
дәннен қармақ жеммен балық аулап, арбаның көлеміндей балық ұстайды. Әуелі жүз жэнь
тереңдіктегі иірімде, ағыны қатты жерде қармақ бау үзілмеді, қармақтың ілгегі
майыспады, сабы сынбады.
Лу патшасы ол туралы естіп, таң қалады, өзіне шақырып, оның себебін сұрайды. Мен,
сіздің қызметшіңізбін, Бұрын туылған үлкен ымнан Пу Цзюй-цзының байлаулы жебемен
садақ атқаны туралы әңгіме естідім. Садақ әлсіз, байлаулы жебе жіңішке болған. Ол
желдің ығымен қара бұлттың шетінде ұшып бара жатқан қос қара тырнаға садақ тартты.
Бар ынтасымен оған беріліп, бірқалыпты екі қолмен әрекет жасады. Мен, сіздің
қызметшіңіз, отан еліктеп, балық аулауды үйрендім. Бес жылда оның қыр-сырын игердім.
Мен, сіздің қызметшіңіз, қармақпен өзенге жақындай бергенде, жүрегім басқа нәрсені
ұмытып, тек бір тана балық туралы ойда болады. Қармақ бауды лақтырып, қармақ ілгегін
суға батырған кезде ауыр да, жеңіл де салмақ сезілмейді, мені бөтен ешнәрсе алаңдата
алмайды. Тұзақ жемге балық шөгіп бара жатқан тозаң, көбік ретінде қарайды да еш
бұлтармастан оны жұтып алады. Міне, осылайша, мен ауырды жеңілмен, күштілікті
әлсіздікпен игеруге қабілеттімін. Егер ұлық тақсыр патшалықты осылай билейтін болса,
онда шын мәнінде Аспан астын бір қолмен ақ қозғалысқа түсіруге болатын еді. Бүл
күрделі іс пе еді?
Тамаша! —деді чулық патша.
Лудан келген Гун Ху және Чжаоудан келген Ци Ин ауырып қалады да, Бянь Цяоға бірге
келіп, өздерін емдеуді өтінеді. Бянь Цяо оларды емдей бастайды және олар сауыққаннан
кейін, былай дейді: