Page 24 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

24
(Беріктік және әрекет)
21.1. "Расында, кім әрекеттенсе, сол берік. Кім әрекеттенбесе, ол берік емес. Әрекеттенген
ғана берік болады. Сондықтан әрекетті тануға талпыну керек". — "Мәртебелім, мен
әрекетті тағуға тырысамын".
(Әрекет және бақыт)
22.1. "Расында, бақытқа жетемін деушілер ғана әрекеттенеді. Кім бақытына талпынбаса,
ол әрекеттенбейді. Тек бақытына ұмтылғандар ғана әрекеттенеді. Сондықтан бақытты
тануға талпыну керек". — "Мәртебелім, бақытты тануға тырысамын".
(Бақыт және шексіз кеңшілік)
23.1. "Расында, (шексіз) кеңшілік бақыт ғой. Тар пиғылықта бақыт жоқ. Тек (шексіз)
кеңшілік қана бақыт. Сондықтан (шексіз) кеңшілікті тануға талпыну керек". —
"Мәртебелім, мен (шексіз) кеңшілікті тануға тырысамын".
(Шексіз кеңшілік пен ұсақтық)
24.1. "Егерде ешнәрсені көрмесе, ешнәрсені есітпесе, ешнәрсені танымаса, мұнымыз
(шексіз) кеңшілік. Егерде бір нәрсені көрсе, бір нәрсені есітсе, бір нәрсені таныса, онда
мұнымыз ұсақтық. (Шексіз) кеңшілік — бүл нағыз мәңгілік. Ұсақтық — ажалды". —
"Мәртебелім, (шексіз) кеңшілік не нәрсеге сүйенеді?" — "Өзінің айбынына. Немесе
айбынсыздыққа ма?
2. Бұл дүниеде үлкен деп сыйырды, атты, пілді, алтынды, құлды, әйелді, егістегі және
үйлерді айтады. Мен бұлай демеймін, мен бұлай демеймін! — деді (Санаткумара).
Өйткені бірі біріне сүйенеді.
("Мен" және атман)
25.1. Бұл (шексіз кеңшілік) дегеніміз төмендегі, ол жоғарыдағы, ол арттағы, ол алдағы, ол
оң жақтағы, ол сол жақтағы. Ол дегеніміз бүкіл осы дүние. Содан кейін "мен" дегенді
ұқтыру. Мен — төменде, мен — жоғарыда, мен — артта, мен — алда, мен — онда, мен —
солда. Мен — бүкіл осы дүние. 2. Енді атманды ұқтыру туралы.Атман — төменде, атман
— жоғарыда, атман — артта, атман - алда, атман — онда, атман — солда. Атман — осы
бүкіл дүние. Егер кімде-кім осыны көрсе, ол туралы ойласа, оны таныса, кім атманды
ұнатса, атманмен жарасса, одан қанағат тапса, сол адам өзін-өзі ұстай алады. Ол
әруақытта, әр жерде (өзінің) ниетіне орай әрекеттене алады. Тағы да. Кім өзгеше ойланса,
оны бөтендер басқарады. Ол өтпелі дүниелердің (тұрғынына) айналады. Ол әр жерде
(өзінің) тілегіне орай әрекеттене алмайды.
(Атман)
26.1. Кім мұны көрсе, ойласа, таныса, ол үшін тыныс атманнан пайда болады, үміт те, ес
те, кеңістік те, ыстық та, су да атманнан (пайда болады), тамақ та, күш те, таным да,
ойлану да, ақыл да, ниет те, ой да, атау да, мантра да, салт-жора да, бүл дүниенің бәрі де
ашық, не жабық күйде атманнан (пайда болады).