Page 248 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

248
бүкіл елді суландырады. Ол аққан жақтың жері мен ауасы жұмсарады, қауіпті науқастар
тоқтайды, адамдары жұмсақ мінезді және бір-бірімен ымырашыл болып келеді, ешкім
дауласпайды да күреспейді, бәрінің жүрегі жұмсақ, сүйектері әлсіз, адамдары асқақ емес
жөне күншілдікті білмейді. Ересек адамдар мен балалар бірге тұрады, патшасыз және
қызметшісіз өмір сүреді. Ешқандай қудаласусыз – ақ және некесіз – ақ ерлер мен әйелдер
бірге серуендей береді. Судың жағасында тұрады, жер жыртпайды, егін екпейді. Онда жер
де, ауа да жылы және ұнамды, адамдары мата тоқымайды және киім кимейді, жүз жасқа
дейін өмір сүреді, оларда ерте өлу деген жоқ, науқас та болмайды. Бұл халық көп ұрпақты
болып келеді, оларға тіпті сан жетпейді. Қуанады және көңіл көтереді, күлдіреп тұрғандар
да, кәрілер де, қайғы да, мұң да жоқ. Ең жақсы көретін әдет-ғұрпы — ән айту. Қол
ұстасып, кезек-кезек күні бойы дамылсыз он айтады. Қарындары ашқан кезде және
шаршағанда Қасиетті фонтаннан су ішеді. Күш пен ерік тепе-тендігі орнығады. Көп ішсе,
мас болады және тек он күннен кейін тана қалпына келеді. Қасиетті суға шомылады,
адамның дене терісі жылтырайды және сергиді, жұпар иіс он күнге дейін сақталады.
Солтүстікке саяхат мәре жүріп чжоулық патша My бүл патшалықта болады да қайтуды
ұмытып, үш жыл жүреді. Үйіне, Чжоуға қайтып оралғаннан кейін де ол патшалыққа деген
сатынын баса алмайды. Гуань Чжун цистік патша Хуаныунаны Ляокоуға саяхат жасау
кезінде сол патшалыққа да барып қайтуға көндіреді. Ол табысқа жетіп-ақ қалып еді, Си
Пэн былай деп кеңес бермегенде:
Чжунаның Әкесін қалай тыңдауға болады? Ол ақылынан адаспап па еді! Цидің кең
байтақ жерін, бұқара халықты, әсем тау мен өзенді, бітік өсімдікті, әдемі салт-
дәстүр мен рәсімдерді, киімдер мен бас киімдердің көркемдігін, әдемі бақты,
толған арулар мен сұлуларды, адал да әділ адамдарға толы ауланы қалдыру керек
пе! Патша қаһармен бір айғайласа миллиондаған әскер мен құлдар жетіп келеді; бір
қараса, қол бұлғаса және бұйрығына бүкіл патшалықтың билеушілері бағынады.
Онда не іздеуге болады? Ци патшалығындағы Жер мен Проса альтарын тастап,
варварлар еліне жөнелуі керек пе?
Хуаньгун барудан бас тартады, ал Си Пэннің сөзін Гуань Чжунға айтып жібереді.
Бұған қол жеткізген, әрине, Пэн емес. Ол патшалықты таба алмаймын деп
қорыққан, сіздің қызметшіңіз, мен емеспін бе. Әйтпесе, Цидің байлығын сағынуға
тұратын ба еді? Си Пэннің сөзі көңіл аударуға тұрарлық па еді? —деді Гуань Чжун.
Оңтүстік елдің адамдары шаштарын тақырлап алады, жалаңаш жүреді. Солтүстік елдің
адамдары бастарына шүберек таңады және аң терісінен киім киеді. Орталық патшалықтың
адамдары бастарына бөрік киеді және үстеріне шапан киеді. Тоғыз түрлі топырақтың
берінде өндірілетіндерді, етін шаруашылығында немесе саудада, аң немесе балық аулауда,
қысқа аң терісін өндеуде және жазға кенеп өндіруде, су қайытып және құрлық үшін арба
жасауда барлығын бір ауыз артық сөзсіз атқарады, ор заттың қасиетіне сай жасалынады.
Юэ патшалығынан тартып шығысқа қарай Чжэ (Кан) Аташтары елі жатыр. Онда алғашқы
туылған баланы кішкентай кезінде құрбандыққа шалады, мұны "кіші ағасына құрбандық"
деп атайды. Оларда атасы өлсе, "Өлген адамның әйелімен бірге тұруға болмайды",— деп,
әжесін арқасына салып апарып, бірге тастайды. Чу патшалығынан бастап оңтүстікке қарай
Оттың елі жатыр. Кім адам өлгеннен кейін еті іріп және оларды лақтырып тастағаннан
кейін, туған-туыстарының сүйектерін көмегін болса, сол оларда құрметті ұл болып
есептеледі. Цинь патшалығынан батысқа қарай И цюй елі жатыр. Кім туыстары өлгеннен