247
—
Міне, ақымақ! Сен, күлдіреген шал, тауды бір мысқалға да кішірейте алмайсың.
Мұндай қаптаған тас пен топыраққа қалай шамаң жетеді?
—
Солтүстік Таудан келген Аңқау бір күрсінеді де жауап береді:
—
Сен, тоңмойын, ештеңені түсінбейсің! Сенің ақылың жесір әйелдің (мына) ұлының
ақылынан да аз. Егер шамам келмесе, оның не сөкеттігі бар екен? Мейлі, мен
өлейін — ұлдар қалады, сонан соң немерелер, немерелердің — тағы да ұлдары
болады, олардың ұлдарының өз ұлдары және тағы немерелері болады. Ұлдар мен
немерелердің шегі болмайды. Ал тау өспейді! Өзен иреңінен келген
ақылдысымаққа жауап беретін ештеңе қалмайды.
(Аңқаудың) дауысын Қожайын жыланның рухы естиді, анау айтқанынан қайтпай ма деп
қорқады да бәрін Әміршіге жеткізеді. Аңқаудың адал ниеттілігі Әміршінің көңілін
тебірентеді жөне ол Үлкен Құмырсқа тегінен шыққан екі ұлына екі тауды арқасына
көтеріп, біреуін — Шоның шығысына, екіншісін — Юнның оңтүстігіне апарып тастауды
бұйырады. Міне, содан бері Цзичоудың оңтүстігінен бастап Ханның оңтүстік жағалауына
дейін тау бөгеттері болмаған деседі.
Кемелденушінің әкесі өз күшін шамаламай, күнді қуып жеткісі келеді. Бұрын жазықтың
шетіне жеткен кезде, су ішкісі келеді. Хуанхэ мен Вэйхэден су ішуге бет алады. Хуанхэ
мен Вэйхэнің суы оның шөлін қандырмайды, сонда ол Үлкен саздан су ішуге солтүстікке
қарай бет алады, отан жетпей, аса таяғын тастайды да, жолда шөлдеп қайтыс болады.
Оның қаны қайда ақса, сонда және оның тәні қайдан өтпесін, соның бәрінде Дэнь
тоғайының ағаштары өсті әрі Дэнь тоғайы мыңдаған лиге кеңейді. Ұлы Жас Айдаһар
айтады:
—
Бүкіл дүниежүзінде төрт теңіздің іші күнмен жөне аймен жарықтандырылады,
планеталармен жөне жұлдыздармен басқарылады, торт жыл мезгілімен ретке
келтіріледі, ал ең маңыздысы — он екі жылдық цикл. Рух жаратқан керемет заттар,
формасына қарай әртүрлі, біреулері ерте өледі, басқалары ұзақ өмір сүреді. Тек
дана адам ғана олардың заңын игеруге қабілетті.
Ұлылар тегінен Былғары Қалқан айтады:
—
Бірақ кереметтің рухпен жаратылмайтыны да болады, ыстық пен суықтың күшінсіз
- ақ қалыптасады, күн мен айсыз – ақ жарықтандырылады, өлтірмей-ақ немесе
жазаламай - ақ ерте өледі, мұқият күтусіз – ақ ұзақ өмір сүреді. (Барлық) бес дәнді-
дақылдарсыз - ақ тамақтанады, жібексіз – ақ киінеді, қайықсыз – ақ және арбасыз
- ақ қозғалады. Олардың заңы — шынайылық, оны дана да игере алмайды.
Жас Айдаһар су мен жерді бағындырып алған шақта, ол жолды жоғалтып, адасады да
қателесіп, Солтүстік теңіздің солтүстік жағасындағы әлдебір патшалыққа тап болады, ал
оның Орталық патшалықтан қаншама миллиондаған ли екені белгісіз. Оны Қиыр
Солтүстік пашалығы деп атайды, ал оның шекарасының қайда созылатыны белгісіз. Онда
жел де, жаңбыр да, қырау да, шық та болмайды, онда құстар мен андар, насекомдар мен
балықтар, шөп пен ағаш өспейді. Төрт тараптың барлығы — жазық, таумен қоршалған.
Патшалық ортасында тау, оны Құмыра тау деп атайды, формасы шарап құятын ыдысқа
ұқсайды. Төбесінде тесігі бар, формасы шеңбер тәріздес, оны Артық ылғал шығатын
сандау деп атайды. Сандаудан су атқылап тұрады, оны Қасиетті фонтан деп атайды.
Орхидея мен хош иісті бұрышпен салыстырғанда су керемет жұпар иісті, шарапқа
қарағанда дәмі тәттілеу. Бастау төрт жылғаға бөлініп, тау етегіне қарай ағып жатыр және