Page 246 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

246
Өзен жағалауларында ұсақ насекомдар пайда болып жатады, оларды шіркейлер деп
атайды. Бір-біріне соқтығыспай топталып ұшады, масаның кірпігіне ұялайды. Түнде ұшып
келеді және ертеңгісін ұшып кетеді, ал масалар оны сезбейді. Өрмекші торын алыстан
көретін Цзыюй де көзін сүртіп, қасын көтеріп күндіз оларға тесіліп қарайды, бірақ
олардың формасын (денесін) байқай алмайды. Чи Юй мен тәрбиеші Куан құлақтарын
тазалап жөне бастарын иіп түнде тыңдайды, бірақ олардың даусын ести алмайды. Тек
Сары Баба мен Юн Чэнцзы Қасірет Үңгіріне қоныстанғаннан кейін және бірігіп үш түн
ережесін сақтағаннан кейін, ал жүрегі қатып қалғаннан кейін ғана денесі қурайды,
біртіндеп тіршілік күшінің (жан, ақылдың) көмегімен Қарағайлы тау төбелеріне ұқсаған
оларды анықтап көреді, біртіндеп тіршілік күшінің көмегімен күннің күркіреуіндей
тарсылдайтын олардың даусын анық естиді.
У және Чу патшалығында орасан зор ағаш өседі, оның аты — Помелон. Түсі көкшіл,
қыста жеміс береді, жемісінің түсі қызыл, дәмі қышқыл. Қабығын жеуге болады және
шырынын ішеді, тұншықпа науқасына дауа. Цичжау патшалығына ол ағаш ұнайды да,
оны Хуай өзенінің солтүстік жағасына алып келеді, бірақ бүл жерде ол жабайы
мандаринге айналады. Барылдақ қара сайрағыш торғай Цзи өзенін кесіп ұшпайды. Вэнь
өзені арқылы келген борсық өледі. Жер мен эфирдің мәнісі осындай. Олардың мәні бірдей
болғанымен, бірақ формалары мен эфирі әртүрлі және олар бірін-бірі ауыстыра алмайды.
Бәрінің өмірі толық, үлестері жеткілікті. Олар үлкен бе әлде кіші ме мен қайдан білейін?
Олар ұзын ба әлде қысқа ма, мен қайдан білейін? Мен қайдан білейін, олар бірдей ме әлде
әртүрлі ме?
Көлемі жеті жүз лиге жететін, биіктігі он мыңдай жэнь болатын екі тау — Тайхан және
Ванъу — Цзичжоудан оңтүстікке қарай, Хэяннан солтүстікке қарай көтерілген. Осы
таулардың етегінде тоқсан жастағы Солтүстік таулық Аңқау өмір сүрді. Қайда бағыт алса
да, қайдан оралса да жолына тосқауыл болған тауды айналып өту оны шаршатады. Ол оз
отбасын ақылдасуға жиып, кеңес құруға шақырады:
Біз сіздермен өзімізді зорлаңқырасақ осы тосқауылды жермен бірдей етіп түзетіп
тастау қолымыздан келе ме? Юйчжаудың оңтүстігінен Ханның оңтүстік жағасына
дейін жол салсақ?
Барлығы келіседі, тек әйелі күмәнданады:
Саған кішкентай төбені тегістеу қиын болғанда, Тайхан мен Ванъу туралы айтудың
өзі артық! Оның үстіне, соншама топырақ пен тасты қайда жібересің?
Оларды Бохай шығанағына тастаймыз, ұсағын солтүстікке қарай,— деп жауап
береді бәрі.
Сонымен (Аңқау) өзінің ұлдары мен немерелерін ертіп жүреді, үшеуі корзиналарды
мойынағашқа іліп алып жүрді. Олар тастарды шағып, жерді қаза бастады және
корзиналармен Бохайға таси бастады.
Астаналық тектен шыққан көрші жесірдің ақыл тісі жаңа түсіп болған ұлы секіре-секіре
жүгіріп, оларға көмектесуге келеді. Қыс жазбен ауысады, ал олар топырақты тек бір-ақ рет
тасиды. Өзеннің иреңінен келген ақылдысымақ Аңқауды мазақтап күле бастады және оны
айныта бастады: