Page 245 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

245
Үлкен және кішкентай, ұзын және қысқа, бірдей және әр түрлі заттар бар ма? —деп
сарапшы тағы сұрайды.
Бохайдан тартып шығысқа қарай, қанша миллиард ли екенін білмеймін, керемет
шыңырау тұңғиық бар, шынайы түпсіз терең. Түбі болмағандықтан да ол Гуйсюй
деп аталған. Оған барлық су келіп құйыла бастады — әлемнің сегіз тарапынан,
тоғыз шел даладан және Аспан өзенінен, бірақ ол тұңғиық терең не ұлғаймайды, не
кішіреймейді.
Онда бес тау бар. Біріншісі — Сабақтастық Дөңгелегі, екіншісі — Дөңгелек Шың,
үшіншісі — Квадрат-Чаша, төртіншісі — Сұлулар Мекені, бесіншісі — Игіліктен
безгендер Панасы деп аталады. Әрбір таудың көлемі төбесінен ететіне дейін отыз мың ли,
ең биік шоқысы — тоғыз мың ли, таулардың бір-бірінен ара қашықтығы — жеті мың ли,
бірақ таулар бір-бірімен көрші болып есептеледі. Ондағы барлық мұнаралар және дәліздер
алтын мен нефриттен жасалынған, бүкіл құстар, андар ақ жібектен жасалған, ағаштар
маржан мен ақ кораллалардан жасалған, олар хошиістеніп өсіп түр, гүлдері мен
жемістерінің иісі мен дәмі керемет. Одан ауыз тигендер — қартаймаған, өлмейтін болған.
Онда бүкіл өлмейтіндер, дана адамдар өмір сүрген. Ондағылардың күні-түні бір-біріне
неше рет ұшып келіп кетенін санау мүмкін емес. Бес таудың негізі еш нәрсемен
бекітілмеген. Олар толқынмен бірге жоғары, төмен, ары-бері бір сот тоқтаусыз қозғалады.
Осыдан өлмейтіндер мен даналар ауырып қалады да, құдайға шағымдана бастайды.
Аралдар Батыстың қиыр шетіне қалқып кетпесін деп және даналар мекені жоғалып
кетпесін деп қорқып, Құдай алып күш — Маймылдарға тауларды төбесіне көтеріл ұстап
түру үшін он бес тасбақаны жібереді; әр ауысымы алпыс мың жыл болатын үш ауысымды
дайындауды бұйырады. Сонда тек бес тау қозғалмайтын болып тұрақтайды. Бірақ, осы
тұста Айдаһар Немере ағалар патшалығының алыбы аяғын көтеріп толық қадам жасап
жатпай-ақ, бес Таудан бірақ шытады. Бір ілмекпен бірден алты тасбақаны ұстайды, бәрін
аркасына лақтыра салады да кете береді. Оз еліне алып кетеді де, олардың сауытын бал
ашу үшін күйдіреді. Міне, сонда екі тау — Сабақтастық Дөңгелегі мен Дөңгелек Шың —
солтүстік шетке (полюсқа) қалқып кетіп қалады да мұхитқа батып кетеді. Көптеген
даналар мен өлмейтін адамдар мекенсіз қалады. Құдай қатты ашумен таршылықтан
қиналсын деп Айдаһар Немере ағалар патшалығын кішірейтеді; Айдаһар Немере ағалар
адамдарын да кішірейтеді, олардың бойларын қысқартады. Құрбандық Ет Әзірлеушілер
мен Қасиетті Жер өндеушілер дайындалып жатқан кездерде бүл елдің тұрғындарының
бойы бірнеше ондаған чжан болып еді.
Орталық патшалықтан шығысқа қарай төрт жүз мың ли жерде Ергежейлер елі болды.
Ондағы адамдардың бойы бір чи және бес цун болды. Солтүстік шығыс шетте (полюсте)
тұратын адамдарды Сутягалар деп атайды, бойлары тоғыз цун. Терновник облысының
оңтүстігінде Душ ағашы өседі, ол — Түнек Мекені. Онда көктем бес жүз жылға, күз —
бес жүз жылға созылады. Ерте замандарда Әке деген аташ болған. Ол үшін көктем сегіз
мың жылға, күз — сегіз мың жылға созылған. Қарашірікте Керемет саңырауқұлақтар
өседі, таңертең пайда болады, кешке қарай жоталады. Көктемгі және жазғы айларда
москиттер мен масалар пайда болады, жауында балалайды, күннің көзін көрсе өледі.
Солтүстіктің солтүстігінде, бірде-бір аташ, бірде-бір шоп өспейтін жерде Түпсіз терең —
Мұхит бар. Бүл — Аспан су қоймасы. Мұнда ұзындығы мен үлкендігі бірнеше мыңдаған
ли балықтар өседі. Оның аты Кит. Онда құстар өседі, оның аты Феникс. Қанаттары
жайылған, аспанда асылып тұрған бұлтқа ұқсайды, отан денесі де сай келеді. Бұл
жаратылыстар туралы әлем біле ме? ұлы Жас Айдаһар сол жаққа барып, оны көреді. Бо И
оны таниды және оған ат береді. Ицзянь естіп, оларды сипаттап береді.