244
әрекетсіз қабілет — ақиқи білім, шынайы қабілет міне, осы. Білімсіздікті дамыта отырып,
құмарлыққа беріле аласың ба? Қабілетсіздікті жетілте отырып, әрекеттілікке әзір бола
аласың ба? Бағалы тастарды немесе тозаңдарды жинау — табиғи заңдылық емес.
5-тарау.
Сарапшының сұрақтары
Сарапшы Инь Ұлықтар тегінен шыққан Былғары Қалқанға сұрақ қояды:
—
Ежелгі дәуірлердің басында заттар болған ба еді?
—
Егер ежелгі дәуірлердің басында заттар болмаған болса, онда бүгінгі заттар қайдан
пайда болды? Бүгінгі күні (біздің заманымызда) заттар болмады деп ұрпақ айта
алмас па екен? —деп Былғары Қалқан сұрайды.
—
Онда заттардың өткен шағы да, келешегі де жоқ бола ма?
—
Заттардың басы мен аяғының ежелден шегі жоқ. Бастама соңы болуы мүмкін, ал
соңы бастама болуы мүмкін. Олардың айналымын қалай білуге болады? Алайда
заттардан басқа бір нәрсе болды ма, оқиғаға дейін бір нәрсе болып па еді, мен
білмеймін.
—
Олай болса, әлемнің сегіз тарапының бәрінің, зенит пен надирдің ақыры бар ма?
—
Білмеймін,— деп жауап берді Былғары Қалқан, бірақ сарапшы табандылықпен
сұрайды:
—
Егер ақыры жоқ болса, онда олар шексіз; егер ақыры болатын болса, онда шекті.
Оны мен қалай білемін? Шексіздіктен басқа шексіздіктің болмауы да өмір сүреді
ғой; шектелмегеннің ішінде шектелмеген өмір сүрмейді. Шексіздікте шектілі қайта
пайда болады, шектелмегенде шектелген қайта пайда болады. Міне, мен осылай
шексіздікті, шектелмегенді танимын, бірақ шектіні, шектелгенді тани алмаймын.
—
Төрт теңіздің арғы жағында не бар?
—
Орталық патшалықта не бар болса, онда сол бар.
—
Оны неменемен дәлелдейсің?
—
Мен Шығыста Инге дейін бардым, ондағы халық та сондай. Иннен сұрап білдім,
шығыстағының бәрі Инге ұқсайды. Батыста Биньге дейін бардым, ондағы халық
сондай-ақ. Биннен сұрап білдім, батыстағының бәрі Биньге ұқсайды.
Төрт теңіздің де, торт даланың да, торт полюстің де басқа жерлерден айырмашылығының
жоқтығы маған белгілі болды. Әрбір үлкенде кішкене болады — шексізде шекті болады.
Аспан мен жерде сансыз заттардың болғанындай, аспан мен жер де белгілі бір нәрсенің
құрамында болады. Бірде сансыз заттар белгілі бір нәрсенің құрамында міндетті түрде
шексіз болады, бірде аспан мен жердің өзі бір нәрсенің құрамында міндетті түрде
шектеусіз болады. Аспан мен жердің арғы жағында одан да үлкен аспан мен жердің бар
еместігін мен қалай білемін? Бүл да маған белгісіз. Алайда, аспан мен жер — сондай-ақ
заттар, заттардың кемшілігі болады ғой. Сондықтан ертеде аспанның кем жерін бітеу үшін
Нюйва тегінің әйелдері бүкіл бес әлемнің тасын іріктеп жинаған; полюсты торт бұрышын
тіреу үшін алып тасбақалардың аяқтарын кескен. Соның салдарынан Су құйылысының
Иегері тегінен шыққан адам арғы аталар билігі үшін Қанағатсыз бен күресе бастады, ыза-
кекпен Шербат тауымен соғылысады және Аспан бағанасын сындырады, жер жүйесін
бұзады. Содан аспан солтүстік батысқа еңкейеді, оның артынан күн мен ай, жұлдыз
планеталары ереді; жердің оңтүстік шығыс жағы бір жапыраққа кем болады, содан солай
қарай жүздеген өзендер ата бастайды.