Page 243 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

243
Сен — Лунның шәкіртісің, қалай сатан оның кемшіліктерін түзетпеске? —деп
музыкант қарсы болады. — Тағы ең маңыздысы туралы айтайын. Вэй патшасын
алдай отырып, Лун былай дейді: "Егер қалау болатын болса, онда ой болмайды";
"қасиет шексіз"; "заттар сарқылмайды"; "көлеңке қозғалмайды"; "шаш мыңдаған
салмақты көтереді"; "ақ ат — ат емес"; "жетім бұзау ешқашанда сиыр болмайды".
Бұрмаланған жағдайда заттар категориясы мен адамзат қатынасын санап беру
мүмкін емес.
Бұл сөздердің ақиқатын түсінбей,— деп жауап береді ханзада Моу,— сен оларды
қателік деп білдің. Бірақ, сен қателесесің. Егер "қалау жоқ болса", онда ой оған тең
емес пе; егер "қасиет шексіз болса", онда "барлық қасиетсіз нәрсе шекті емес пе";
"кім затты соңына дейін сарыла танитын болса, онда ол оларды мәңгіге игергені";
"көлеңке қозғалмайды", яғни ол өзгереді; "шаш мыңдаған есе салмақты көтереді"
деген соз — ол жоғары тепе тендік; "ақ ат — ат емес", өйткені мұнда қасиет
формадан (тәннен) бөлінеді; "жетім бұзау сиыр болған емес", өйткені мұнда жетім
бұзаудың өмір сүру мүмкіндігі теріске шығарылуда.
Аса мәртебелі ұлық Аспан астын елу жыл биледі және онда реттіліктің немесе ретсіздіктің
болғанын білмеген, халық оны (реттілікті) қалайтынын да не қаламайтынын да білмеген.
Оңына бір, солына бір қарап, маңайындағылардан сұрайды, бірақ маңайындағылар
білмейді; сарайдың сыртындағылардан сұрайды, олар да білмейді; даладан сұрайды,
даладағылар да білмейді. Сонда Аса мәртебелі ұлық киіп, жолмен кезуге бет алып бара
жатып, ұлдардың айтқан әнін естіп қалады:
Жаратты бізді, бұқара халықты
Емес пе әрқайсымыз
Өз табиғатымызды сарқы үшін?
Ештеңе білмейміз, иелік етпейміз,
Алдыңғы ұрпақ дәстүрімен жүреміз.
Бұл әнді сіздерге кім үйретті? —деп қуанған Аса мәртебелі ұлық сұрайды.
Біз мұны үлкендерден естідік,— деп жауап береді ұлдар.
Аса мәртебелі ұлық үлкендерден сұрайды, ал ол былайша жауап береді: "Бүл ескі ән".
Аса мәртебелі ұлық сарайға қайтып келеді, Қорғаушыны шақырады да Аспан астын отан
ұсынады. Қорғаушы қарсылық білдірмей, оны қабылдайды. Шекара күзетшісі айтады:
Өзімен өзі тұйықталмағанға заттар мен олардың формасы өздігінен ашылады.
Мұндай адамның қозғалысы (әрекеті) судың ағынына ұқсайды, оның тыныштығы
айна сияқты, оның жауабы жаңғырық сияқты, сондықтан оның жүрген жолы басқа
заттардың жүрген жолына ұқсайды.
Заттардың өзі жолға қарсы жүреді, бірақ жол заттарға қарсы жүрмейді. Жолға ұқсау
қолынан келетіндер естуді, көруді, күшті, ақылды қолдануға бармайды. Көру, есту, сезу
қабілеттерінің, ақылдың көмегімен жолға ұқсауға болмайды. Жолды алдыңғы жақтан
іздейсің, ал ол (жол) арт жақта болуы мүмкін. Оны қолданасың жөне ол барлық алты
кеңістікті қамтиды, оны алып тастайсың және оның қайда екенін білмейсің. Кімде-кім
отан саналы түрде ие бола алатын болса, онда ол кетпейді, ал кімде-кім оған бей саналы
түрде ие болатын болса, онда ол жақындамайды. Оған тек үндемеуді сақтай алатын адам
тана, кімнің қасиеті жетілген болса, сол адам тана қол жеткізе алады. Құмарлықсыз білім,