242
Патшаның сұрағына мен, сіздің қызметшіңіз, шындықпен жауап берейін. Мені, сіздің
қызметшіңізді, Шан тауындағы тәрбиеші үйретті. Күш жағынан бүкіл жер бетінде оған
тең келетін табылмайды. Бірақ алты туысының ешқайсысы ол туралы білмеген, өйткені ол
ешқашан күшке жүгінбеген. Мен, сіздің қызметшіңіз, өміріме қауіп төнгеніне қарамастан
оған қызмет жасадым, міне сонда ол маған, сіздің қызметшіңізге, айтты:
Көрінбейтінді бөрінің көргісі келеді —
Басқалардың байқамағанын сен байқа;
Қол жетпейтіннің бәріне иелік еткісі келеді —
Ешкім айналыспаған мен сен айналыс.
Сондықтан көруге үйренетін болса, сол шыбық пен арбадан бастайды; кім естуге
үйренетін болса, сол дабыл қатудан бастайды. Сенің ішкі дүниеңде жеңіл болған нәрсе,
сенен тыс та қиын болмайды. Егер сыртта қиындық кездеспесе, онда атақ та оз
отбасыңнан сыртқа шықпайды. Қазір, сіздің қызметшіңіз, мен туралы атақ әкімдерге дейін
жетті, яғни мен, сіздің қызметшіңіз, ұстаздың өсиетін бұздым және оз қабілетімді
көрсеттім. Менің, сіздің қызметшіңіздің, атағының шығуы шындығында оз күшіне қиянат
жасағандық та емес, керісінше, оз күшін қалай қолдана білуінде. Күшпен қиянат
жасағаннан кәрі бүл жақсы емес пе?
Орталық таудан келген ханзада Моу Вэйдегі патша ұлдарының ішіндегі дарындысы
болатын. Ол мемлекет жұмысына араласпады, дарынды адамдармен жаһан кезуді жақсы
көрді. Оған Чжаодан келген Гуньсунь ұнайтын және сол үшін де музыкант Цзыюй
сияқтылар оған күлетін.
—
Маған, Моу Гунсунь Лудың ұнайтынына сен неге күлесің? —деп патша ұлы Моу
сұрайды.
—
Гунсунь Лу дегеніңіз ол қандай адам? —деп жауап береді музыкант. — Ісінде
тәрбиешісі жоқ, ілімінде жолдасы жоқ. Шешен, бірақ тапқыр емес; жан-жаққа
шашылады, бірақ ешбір мектепке жатпайды; әдеттен тысты жақсы көреді, абайсыз
сөйлейді, жүрегін жаңылдырғысы келеді, дауда бәрін жеңгісі келеді. Мұның
бәрімен Хань Тенмен және басқалармен бірге айналысады.
—
Неге сен Гунсунь Лунның қателігі туралы әңгіме жасайсың? Сол қателіктердің
дәлелі туралы естігім келіп еді! —деді Моу, түсін өзгертіп.
—
Мен Лунның Кун Чуанды қалай алдағанына күліп отырмын,— деп сөзін жалғады
музыкант. — Жақсы мергеннің келесі жебесінің ұшы алдыңғысының қауырсынына
дәл тиеді, бір жебе екіншісін қуып жетеді, бір жебе екіншісіне бағыт береді,— деді
ол. Бірінші жебе мақсатты белгілейді, елесісі садақ адырнасында жатады да олар
бірінің артынан бірі түзу сызық болып үздіксіз ұшып отырады. Кун Чуань таң
қалады, ал Лун өте керемет деген мерген де мұндай болмайды,— деп
жалғастырады. Міне, мысалы, Хун Чао дейтін шәкірт әйеліне ашуланып, оны
қорқытпақшы болады. Ци бамбугінен жасалынып, Вэйден әкелінген қауырсыннан
құрастырылған жебемен садақ тартып, әйелінің тура көзінің қарашығына дәлдеп
атады, бірақ әйел кірпігін қақпайды да. Жебе жерге түседі, сонда әуелі жерден шаң
да шықпайды. Ақылды адамның сөзі осылай ма еді?
—
Ақылдының сөзін ақымақ түсінбейді,— деп жауап береді ханзада Моу. — Сен
неменеге күмәнданасың? Егер келесі жебе ұшы алдыңғының қауырсынына тиетін
болса, онда атудың бірқалыпты болғаны. Егер жебе көздің қарашығына тура тиген
болса, ал ол (адам) кірпігін қақпаса, онда жебе күшінің кеткені.