241
Чжэннің даласы мен сазында даналар коп, Шығыс кварталында дарындылар көп. Сол
жердің құлдарының ішінде Бо Фын-цзы деген болды. Шығыс кварталымен өтіп бара
жатып, ол Дэн Симен кездеседі.
Дэн Си өз шәкірттеріне қарап, мырс етіп күлді де былай деді:
—
Қарсы келе жатқандарды келемеждесек қайтеді?
—
Тыңдап көрелік,— деп жауап қатты шәкірттері.
Сонда Дэн Сидің Бо Фын-цзыға айтқаны:
—
Сен асыраушының міндетін игердің бе? Адамның асырауында болатындар өзін-өзі
асырай алмайтындар иттер мен шошалар тегіне жатады. Сол тірі жанды
мақлұқтарды асырау және оларға иелік ету — адамның күші міне, осында. Егер
сенің шәкірттерің ішіп-жейтін әрі тоятын болса, киім киетін әрі демалатын болса,
ол — билікті ұстаушының еңбегі. Егер кәрі мен жасты табын мал сияқты жинайтын
болсақ, олардан малға немесе асыранды құстарға қоршау тұрғызатын болсақ, онда
бұл адамдардың ит пен шошқадан айырмашылығы неде болады?
Бо Фын-цзы үндемейді, бірақ оның шәкіртінің бірі алдыға шығып, былай жауап береді:
—
Ци мен Луда шеберлердің көп екенін үлкен ер естімеп пе еді? Батпақ пен ағаштан,
металл мен теріден түйін түйетін шеберлер бар; тамаша ән шығарушылар және
музыкалық аспап жасаушылар (вариант: әншілер мен музыканттар), әншілер мен
математиктер бар; тамаша әскер басшылары, әскерлер мен арғы ата храмдарының
қызметшілері бар. Дарындылардың бәрі айтылды. Бірақ олар бір-біріне иелік ете
алмайды, бір-біріне тапсырма бере алмайды. Оларға иелік ететіндердің білімі жоқ;
оларға тапсырма беретіндерде дарын жоқ. Оның өзі білетін мен қолынан іс
келетіннің тапсырмасын орындайды. Билік иегерлеріне тапсырманы біз береміз.
Сен нең мен мақтанасың?
Дэн Сидің айтатын ештеңесі болмады. Ол оз шәкірттеріне қарады да, кейін шегінді.
Билеушілердің арасында Гунъи Боның оз күшімен атағы шықты. Танци Гун ол туралы
патша Сюаньванға айтып береді. Патша оны шақыру үшін сыйлықтар әзірлейді және
Гунъи Бо келеді. Көрген кездегі оның онша мығым емес тұлғасы Сюань-ванның
жүрегінде күмәнді сезім жасырынғандай.
—
Сенің күшің қандай? —деп күмәнменен сұрайды.
—
Сіз бен біздің қызметшілеріміздің күші тек көктемгі шегірткелердің аяғын
сындыру үшін және күзгі цикадалардың қанатын қағып түсіру үшін ғана жетеді.
—
Менің алыптарымның күші мүйізтұмсықтың терісін сыпыруға және тоғыз
буйвалды құйрығынан сүйреп тастауға жетеді,— деп ұлық тақсыр ашумен
айқайлап жібереді,— ал мен олардың әлсіздігіне әлі өкініштімін. Егер қабілетің тек
көктемгі шегірткелердің аятын сындыруға және күзгі цикадалардың қанатын қағып
түсіруге ғана жететін болса, онда сенің бүкіл жер бетіне атағың қалай таралып
жүр?
—
Жақсы! —деп терең демалды да Гунъи Бо өрме орындықтан алыстады.