Page 240 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

240
неменеге қарап тұрғанын білмейді. Барлық зат жаһан кезеді, бар жанды мақлұқ
бақылайды — менің жаһан кезу дегенім, міне осы, менің бақылау дегенім, міне
осы. Сондықтан да айтарым: ақиқат — жаһан кезуде! Ақиқат — жаһан кезуде!
Айдаһардың нағашы атасы Вэнь Чжи:
Нәзік өнерді игеру сенің қолыңнан келеді. Мен науқаспын. Мені сауықтыра аласың
ба?
Бұйрыққа көндім,— деп жауап береді Вэнь Чжи. — Бірақ алдымен,
науқасыңыздың белгілерін айтыңыз.
— —Өз қауымдағы мақтауларды атақ деп есептемеймін, патшалықтағы жамандаған
сөздерді масқаралық деп есептемеймін; тапқанға қуанбаймын, жоғалтқанға
қайғырмаймын. Өмірге өлім ретінде қараймын; байлыққа кедейлік деп қараймын;
адамға шошқа ретінде қараймын; өзіме өзге ретінде қараймын; оз үйімде керуен
сарайында тұрғандай боламын; оз қауымымды Жун және Мань патшалығын
бақылағандай бақылаймын. Мені шенмен де, сыйлықпен де қызықтыра алмайды,
жазалаумен де, сатып алумен де қорқыта алмайды, өркендеумен де, құлдыраумен
де, пайдамен де, шығынмен де өзгерте алмайды, қайғымен де, қуанышпен де
шайқалта алмайды. Осы бір коп науқастың салдарынан патшаға қызмет көрсете
алмаймын, туған-туыстармен, жолдас-жоралармен қарым-қатынас жасай
алмаймын, қызметшілер мен құлдарға әмір ете алмаймын. Бүл қандай науқас?
Бұдан айығудың қандай жолы бар?
Вэнь Чжи науқастың арқасын жарыққа қаратуды өтініп, оны қарай бастайды.
Ох! —деп ол таңырқайды. — Мен сенің жүрегіңді көріп тұрмын. Оның орны
бүтіндей бір цунь сияқты, бос, тіпті данышпан адамдікі сияқты! Сенің жүрегінде
алты саңлау ашық тур, жетіншісі жабық. Мүмкін, сондықтан да сен даналықты
науқас деп есептейтін шығарсың? Оны менің бары-жоғы өнеріммен емдеу мүмкін
емес!
Бастамасы жоқ, бірақ үнемі жаратылып отыратын — ол жол. Егер жаратылған өзіне өлім
тән болғанымен мерзімінен бұрын өлмейтін болса, онда ол — тұрақтылық; егер туылған
мерзімінен бұрын өлетін болса, онда ол — бақытсыздық. Бастамасы бар өзгеріссіз өледі
бүл — жол заңы. Алайда әлі өмір сүру мерзімі бітпегенімен ажалды өз кінәсінен өлетін
болса, онда ол — тұрақтылық; егер ажалды өмір сүретін болса, онда ол — бақыт.
Сондықтан қандай да бір міндет жүктелмеген өмір жол деп аталады, ал жол арқылы
келген өмір соңы тұрақтылық деп аталады; орынды өлім ол да сол сияқты жол деп
аталады, ал жол арқылы келген мезгілсіз өлім, ол да солай тұрақтылық деп аталады.
Цзи Лен өлгенде Ян Чжу оның үйінің дарбазасына көз қиығын сала отырып он салады,
Суй У өлгенде Ян Чжу оның тәніне қарап еңіреп жылайды. Құл туылса, бұқара халық ән
салады; құл өлсе бұқара халық жылайды.
Соқыр болардың алдында, көз шаштың ұшын да көреді. Керең болардың алдында, құлақ
москиттің де ұшқанын естиді. Дәм сезу қабілетін жоғалтардың алдында тіл Цзы өзені
суын Минь өзені суынан ажыратады. Иіс сезуін тоқтатар алдында, мұрын күйген ағаштың
иісін шіріген ағаштың иісінен ажырата алады. Дене қатардың алдында, адам тез жүгіреді.
Ақылдан ажырар алдында, жүрек шындық пен жалғанды ажырата алады. Себебі шегіне
жетпей заттар өзінің қарама-қарсы жақтарына ауыса алмайды.