239
Кенеттен Оңтүстік қала түбіндегі елді мекен Ұстазы соңғы қатардағы Ле-цзы шәкіртін
көрсетеді де олардың алдында жетілгенсіп әрі күштісініп олармен қуана сөйлесе
бастайды. Ле-цзының шәкірттері таңырқайды да қайтар жолда бәрінің жүрегінде күдік
тұрады.
—
Неге сонша таң қалу керек? — дейді Ле-цзы. — Дегеніне жеткендер үндемейді,
біліммен сусындағандар да солай үндемейді. Үндемеу — ол да тіл, білмеу — ол да
білім. Сөзсіздік және үндемеу, білімсіздік және білмеу — бүл да сондай тіл, ол да
сондай білім. Демек айтпайтын ешнәрсе болмайды, білмейтін ешнәрсе болмайды;
сондай-ақ айтатұғын нәрсе жоқ, білмейтұғын нәрсе жоқ. Барлығы тек осы. Ұстаз
Лe-цзы үйрене бастады.
Үш жыл өткен соң мен ақиқат пен жалған туралы ойды көңілімнен алып тастадым, ал
пайда мен зиян туралы айтуға тіліме тыйым салдым. Міне, сонда ғана мен қарт Шанның
көзіне іліндім. Бес жыл өтті, міне, енді көңілімде ақиқат пен жалған туралы жаңа ойлар
туа бастады, пайда мен зиян туралы жаңаша айта бастадым. Міне сонда ғана мен карт
Шанның жылы шырайына ие болдым. Жеті жыл өтті оз жүрегіме ерік бере отырып, енді
мен ақиқат туралы да, жалған туралы да ойламайтын болдым, оз аузыма ерік бере отырып,
пайдалы туралы да, зиян туралы да айтпайтын болдым. Тек сонда ғана ұстаз мені
шақырып, өзімен қатар өрме орындыққа отырғызды. Тоғыз жыл өтті, мен жүрекпен
ойлауды қойғандай болдым, аузыма ерік бергенді қойғандай болдым, мен үшін енді ненің
ақиқат, ненің жалған, ненің пайдалы, ненің зиян екенін білуден қалдым; басқа үшін не
ақиқат, ал не жалған, не пайдалы, ал не зиян екенін білмедім. Ішкіні сыртқыдан
ажыратудан қалдым. Міне, сонда барлық сезім бір жерге тоғысқандай болды: көру
мүмкіндігім естуге ұқсады, есту — иіс сезуге, иіс сезу дом сезуге ұқсады. Ой қоюланды,
ал тән босады, сүйек пен бұлшық еттер біреуге бірікті. Тән не нәрсеге сүйеніп тұратынын,
аяқ нені басып тұратынын, жүректің не туралы ойлайтынын, тілде ненің жасырынып
жатқанын сезуден қалдым. Барлығы тек осы. Міне, сонда мен үшін табиғат заңының еш
құпиясы қалмады. Ле-цзы әуелде жаһан кезуді жақсы көрді.
—
Сен, Қарақшылар Қорғаны, жаһан кезуді көресің. Оның несі жақсы? — деп
сұрайды Чашы таудан келген ұстаз.
—
Жаһан кезудің қуанышы сонда,— деп жауап береді Ле-цзы,— онда ескінің
болмайтынынан ләззат аласың. Басқалар жаһан кезуде көргеніне масаттанады.
Мен жаһан кезуде өзгеретіндерді байқаймын. Жаһан кезу жөне жаһан кезу бар!
Бұл жаһан кезудің айырмашылығын әлі ешкім анықтай алмады!
—
Сен, Қарақшылар Қорғаны, әрине, басқалар сияқты жаһан кезесің, бірақ өзгелерге
қарағанда басқаша сөйлейсің. Көрген нәрсеңнің бәрінен, әркезде өзгерісті көресің,
басқа заттардағы ескінің жоқтығынан ләззат аласың, ал сол сияқты өзінде де
ескінің жоқтығын білмейсің. Сыртқы әлемде жаһан кезе жүріп, ішкі әлемді қалай
бақылауды білмейсің. Кім сыртқы әлемде жаһан кезетін болса, сол басқа
заттардағы толысуды іздейді; кім ішкі әлемді бақылайтын болса, сол өзі өзінен
қанағаттануды табады. Өзі өзінен қанағаттануды табу — жаһан кезудегі ақиқат
осы, басқа заттардағы толысуды іздеу — жаһан кезудегі жалған осы.
Міне, сонда Лe-цзы жаһан кезудің мәнін түсіне алмайтындығын түсінді және ол өмірінің
соңына дейін жаһан кезбейтін болды.
—
Ақиқат жаһан кезуде! —деді Чашы таулық ұстаз. — Шынайы жаһан кезуде адам
өзінің қайда бағыт алып бара жатқанын білмейді; шынайы бақылаған жағдайда