Page 23 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

23
15.1. "Тыныс расында үміттен тереңірек. Аңласақ, доңғалаққа қадалған шабақ сияқты
тынысқа барлық нәрсе телінген. Тыныс тыныстан қозғалады. Тыныс тынысқа дем береді.
Тыныс — бұл әке, тыныс — ана, тыныс — аға, тыныс — қарындас, тыныс — ұстаз, тыныс
— бұл брахман.
2. Егер біреу әкесіне, немесе анасына, немесе ағасына, немесе қарындасына, немесе
ұстазына, немесе брахманға әлдебір былапыт сөз айтса, онда оған айтады: "Ұятың бар ма!
Сен аянбай әкеңді өлтіресің, сен аянбай анаңды өлтіресің, сен аянбай ағаңды өлтіресің,
сен аянбай қарындасыңды өлтіресің, сен аянбай ұстазды өлтіресің, сен аянбай брахманды
өлтіресің.
3. Егер де ол адамдардан бөлінген прандарды темір таяқпен үйсе және оларды өртесе,
онда оған ешкім де: "Сен әкеңді өлтіруші", "сен анаңды өлтіруші", "сен ағаңды өлтіруші",
"сен қарындасыңды өлтіруші", "сен ұстазды өлтіруші", "сен брахманды өлтіруші" деп
айтпайды.
4. Расында, тыныс — бәрінің демі. Кім мұны көре білсе, ойласа, таныса, ол пікірталаста
жеңіп шығады. Егер оған; "Сен айтыстың жеңімпазысың" деп айтса, онда ол: "Мен
айтыстың жеңімпазымын" деп айта қойсын". Ол мұндай сөзге таласа қоймасын.
(Шындық)
16.1. "Кім ерегісті шындық арқылы жеңсе, сол расында айтыста діттегеніне жетеді". —
"Мәртебелім, мен шындық арқылы айтысты жеңгім келеді!" — "Ондай болса шындықты
тануға талпыну керек". — "Мәртебелім, шындықты тануға тырысамын".
(Шындық және таным)
17.1. "Егер кімде-кім дұрыс таныса, сол шындықты айтады. Танымаған шындықты айта
алмайды. Таныған ғана шындықты айтады. Бірақта шындықты тануға талпыну керек". —
"Мәртебелім, мен шындықты тануға тырысамын".
(Таным және ой)
18.1. "Расында кім ойланса, сол таниды. Ойланбай танымайды. Ойланған таниды.
Сондықтан ойды тануға талпыну керек". — "Мәртебелім, мен ойды тануға тырысамын".
(Ой және сенім)
19.1. "Расында кім сенетін болса, сол ойланады. Сенбеген ойланбайды. Сену арқылы
ойланады. Сондықтан сенімді тануға талпыну керек". "Мәртебелім, мен сенімді тануға
тырысамын!"
(Сенім және беріктік)
20.1. "Расында, кім берік болса, сол сенеді. Берік болмаған сенбейді. Тек берік адам ғана
сенеді. Сондықтан беріктікті тануға талпыну керек" — "Мәртебелім, мен беріктікті тануға
тырысамын".